Қазақстанда 2025 жылғы ұлттық ауыл шаруашылығы санағын жүргізу бойынша қысқаша анықтама ақпарат

Қазақстанда 2025 жылғы ұлттық ауыл шаруашылығы санағын жүргізу  бойынша қысқаша анықтама ақпарат

2025 жылғы 1 тамыз-20 қазан аралығында Қазақстанда екінші Ұлттық ауыл шаруашылығы санағы өтеді. Бұл маңызды статистикалық іс-шара БҰҰ Азық-түлік және әуыл шаруашылық ұйымының ұсынысымен әр он жылда 1 рет өткізіліп, бүкіл елді қамтуы тиіс. Алғашқы санақ 2006-2007 жылдары жүргізілген.

  • Санақтың мақсаты – ауыл шаруашылығының жай-күйі: шаруашылықтардың құрылымы, техниканың болуы, жануарлар, егіс алқаптары және басқа ресурстар туралы толық және өзекті ақпарат алу. Бұл деректер мемлекетке тиімді аграрлық саясат әзірлеуге, фермерлерді қолдауға және саланы дамытуға көмектеседі.
  • Санақ екі кезеңде жүргізіледі:
  • 1-31 тамыз – онлайн кезең. Барлық ауыл шаруашылығы өндірушілері gov.kz сайтында сауалнамадан өз бетінше өте алады. Бұл жылдам, ыңғайлы әрі қауіпсіз.
  • 20 қыркүйек-20 қазан – офлайн кезең. Онлайн сауалнамадан өтпеген үй шаруашылықтарын интервьюерлер планшеттерді пайдалана отырып, үй-үйге барып сұрастырады.
  • Кім қатысуы керек:
  • Өсімдік шаруашылығы, мал шаруашылығы және балық шаруашылығымен айналысатын ЖШС, ЖК, шаруа немесе фермер қожалықтары;
  • Мал, құс өсіретін, бақшасы бар және т.б. жеке қосалқы шаруашылық иелері.
  • Қойылатын сұрақтар:
  • Ауыл шаруашылығы алқаптарының болуы және түрлері;
  • Мал басы мен құс саны;
  • Қолданылатын техника;
  • Егіс алқаптары және т.б.

Барлық дерек құпия болып табылады және тек статистикалық мақсатта қолданылады.

📞Барлық сұрақтар бойынша 1446 байланыс орталығына немесе sanaq.gov.kz сайтына жүгінуге болады.