Халық заңгері республикалық әлеуметтік акциясы

Халық заңгері республикалық әлеуметтік акциясы

30 мамыр күні сағат 17:00-де Қараменде би көшесі, 15, "Ашық әкімдігі" ғимараты мекен-жайында "Халық заңгері"жалпы республикалық акциясы өтеді.

Акция ҚР Үкіметінің қолдауымен өткізіледі, ұйымдастырушылар Қарағанды облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Департаменті, Қарағанды облысының Әділет департаменті, желілік басылым Zakon.kz, "Параграф" ақпараттық жүйесі, Қарағанды облысының Адвокаттар алқасы, мемлекеттік органдары.

Акцияның мақсаты-халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру және тегін заң көмегін көрсету. Кез келген азамат келіп, облыстың заң қоғамының өкілдерінен тегін қажетті кеңес ала алады. Олардың қатарында адвокаттар, нотариустар, сот орындаушылары, мемлекеттік органдардың өкілдері бар.