2024 жылғы 8 желтоқсанда өткен Балқаш қалалық мәслихатының шығып қалған депутатының орнына сайлау қорытындылары туралы хабарлама

 

2024 жылғы 8 желтоқсанда өткен Балқаш қалалық мәслихатының шығып қалған депутатының орнына сайлау қорытындылары туралы хабарлама

 

2024 жылғы 8 желтоқсанда бірмандаттық аумақтық № 8 сайлау округі бойынша Балқаш қалалық мәслихатының шығып қалған депутатының орнына сайлау өтті.

Сайлаушылар тізіміне 4005 азамат енгізілді.

Дауыс беруге - 2535 сайлаушы, оның ішінде есептен шығару куәліктері бойынша - 0, дауыс беруге арналған үй-жайлардан тыс – 10 сайлаушы қатысты.

Кандидаттардың жалпы саны - 3.

 

Бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша Балқаш қалалық мәслихат депутатын сайлауының келесі қорытындылары белгіленді:

№8 сайлау округі бойынша:

Айнур Абдикасеновна Каримова үшін 612 сайлаушы дауыс берді;

Мейрамбек Аринович Мурзахметов үшін 1653 сайлаушы дауыс берді;

Есенгалый Кабылгазиевич Нурланов үшін 219 сайлаушы дауыс берді;

«Барлығына қарсы» белгісі бар бюллетеньдер саны – 38.

 

Сайлау қорытындысы бойынша бірмандаттық аумақтық №8 сайлау округі бойынша Балқаш қалалық мәслихаттың депутаты болып 1968 жылы туған, «Жезказган Эйр» АК» АҚ филиалының Балқаш қ. әуежайы бастығы Мейрамбек Аринович Мурзахметов сайланды. Балқаш қаласында тұрады.

 

 

Балқаш қалалық сайлау комиссиясы

Дата публикации
10 декабря 2024