БАЛҚАШ ҚАЛАЛЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ ДЕПУТАТТЫҒЫНА КАНДИДАТТАРДЫ ТІРКЕУ ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАМА

2023 жылғы 18 ақпанда Балқаш қалалық сайлау комиссиясының отырысы өтті, онда Балқаш қалалық мәслихатының депутаттығына кандидаттарды тіркеу қорытындылары қаралды.

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі мен мәслихаттары депутаттарының сайлауын дайындау және өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспарына сәйкес, Балқаш қалалық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды тіркеу 08 ақпан мен 18 ақпан аралығында өтті.

Кандидат ретінде құжат тапсырған 46 үміткердің 35 үміткері тіркелді.

Тіркелген кандидаттардың ішінен 1 үміткер қайтыс болуына байланысты алынып тасталды.

 

1) оның ішінде саяси партиялардан - 18:

«АМАНАТ» - 12,

«ҚХП» - 2,

«Ақ Жол» - 1,

«Ауыл» - 1,

«Байтақ» - 2.

2) өзін - өзі ұсыну тәртібімен - 17.

 

Тіркелген үміткерлердің ішінде:

ерлер - 26-ы (74,3%)

әйелдер – 9-ы (25,7%)   

Үміткерлердің орташа жасы – 43. Ең жас үміткер 22 жаста, үміткерлер арасындағы ең үлкен жас – 61 жаста.

 

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңға сәйкес кандидаттарды тіркеу туралы хабарлама қалалық газеттерде және сайлау комиссиясының интернет-ресурсында жарияланатын болады.

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңда белгіленген тәртіппен кандидаттарды тіркегеннен кейін, Балқаш қалалық сайлау комиссиясы Мемлекеттік кірістер департаментіне активтер мен міндеттемелер туралы мәліметтердің дұрыстығын тексеру туралы сұраныс жолдады.

Балқаш қалалық мәслихатының депутаттығына тіркелген кандидаттар үшін сайлау науқанының келесі кезеңі - сайлау алдындағы үгітті жүргізу 19 ақпаннан басталып, 18 наурыз сағат 00.00-де аяқталады.

 

 

 

Балқаш қалалық сайлау комиссиясы

Дата публикации
19 февраля 2023