Қазақстан Республикасындағы өзін-өзі басқару туралы

ЖОБА

 

 

Қазақстан Республикасындағы өзін-өзі басқару туралы

Қазақстан Республикасының Заңы

МАЗМҰНЫ

Осы Заң Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес жергілікті өзін-өзі басқару саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының құзыретін, қызметін ұйымдастыруды, тәртібін анықтайды.

 

1-тарау. Жалпы ережелер

1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар

Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

1) аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімі – жергілікті өзін-өзі басқару органын басқаратын және тиісті аумақта мемлекеттік саясаттың жүргізілуін қамтамасыз ететін, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жергілікті мемлекеттік басқару өкілеттіктері мен өзін-өзі басқару функциялары берілген, тиісті аумақтың әлеуметтік-экономикалық дамуының жай-күйіне жауапты Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің өкілі;

2) аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты – әкімнің, кеңестің және өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдарының қызметін қамтамасыз ететін және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыратын мемлекеттік мекеме;

3) жергілікті маңызы бар мәселелер – осы Заңға және Қазақстан Республикасының реттелуі өзге де заңнамалық актілеріне сәйкес тиісті әкімшілік-аумақтық бөлініс азаматтарының көпшілігінің құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз етуге байланысты аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ, ауылдық округтің құрамына кірмейтін ауыл қызметінің мәселелері;

4) кеңес – аумақтық қоғамдық өзін-өзі басқару кеңесінде немесе жергілікті қоғамдастықтың жиындарында ашық дауыс беру арқылы қалыптастырылатын, азаматтардың еркін білдіретін және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оны іске асыру үшін қажетті шараларды айқындайтын және олардың жүзеге асырылуын бақылайтын өкілді органның функциялары бар алқалы орган;

5) жергілікті қоғамдастық - шекараларында жергілікті өзін-өзі басқару жүзеге асырылатын, оның органдары құрылатын және жұмыс істейтін тиісті әкімшілік-аумақтық бөлініс аумағында тұратын тұрғындардың (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) жиынтығы;

6) жергілікті өзін-өзі басқару – осы Заңда, өзге де нормативтік құқықтық актілерде айқындалған тәртіппен азаматтардың мүдделері үшін жергілікті маңызы бар мәселелерді тікелей және сайланбалы жергілікті өзін-өзі басқару органдары арқылы дербес шешуге бағытталған азаматтар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарының қызметін ұйымдастыру;

7) жергілікті өзін-өзі басқару органдары – осы Заңға сәйкес жергілікті маңызы бар мәселелерді шешу жөніндегі функциялар жүктелген кеңесті, жергілікті қоғамдастық жиынын, аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппаратын, қоғамдық кеңесті, қалалық аумақтық жергілікті өзін-өзі басқару кеңесін қамтиды;

8) жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту жоспары – аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты әзірлеген және кеңес үш жылға бекіткен, оның негізінде аудандық маңызы бар қаланың, қала, ауыл, кенттін, ауылдық округ, ауылдық округтің бюджеті қалыптастырылатын тиісті әкімшілік-аумақтық бірлікті дамытудың басым бағыттарын айқындайтын құжат;

9) жергілікті қоғамдастық жиыны – аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ, шағын аудан, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындарының (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) осы Заңда айқындалған шекте және тәртіппен неғұрлым маңызды мәселелерді талқылауға және шешім қабылдауға және кеңес құрамына кандидаттарды сайлауға тікелей қатысуы;

10) аумақтық қоғамдық өзін-өзі басқару кеңесі – облыстық және аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдық округтің құрамына кірмейтін дербес ауылдың аумағында құрылатын, сайлау учаскесінің аумағынан сайланатын және өз қызметін сайлау округі шегінде жүзеге асыратын жергілікті өзін-өзі басқару органы;

11) жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган – басшылықты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шектерде жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту саласындағы салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган.

 

2 тарау. Жергілікті өзін-өзі басқару саласындағы құқұқтық реттеу

2 бап. Жергілікті өзін-өзі басқару туралы Қазақстан Республикасының заңнамасы

  1. Жергілікті өзін-өзі басқару туралы Қазақстан Республикасының заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.

 

3 бап. Жергілікті өзін-өзі басқаруды ұйымдастыру негіздері

  1. Қазақстан Республикасының азаматын жергілікті қоғамдастық мүшесі деп тануға жергілікті өзін-өзі басқару жүзеге асырылатын әкімшілік-аумақтық бөлініс шекарасының аумағындағы тұрғылықты жері бойынша оны тіркеу фактісі негіз болып табылады.

Қазақстан Республикасы азаматтарының жергілікті өзін-өзі басқару органдарына кіруінің осы бапта көзделген негіздерден басқа қандай да бір өзге де шарттарының белгіленуіне жол берілмейді.

Жергілікті қоғамдастық аумағында тұрақты тұратын жері бар шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасының заңдарында және Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда белгіленген шектерде жергілікті өзін-өзі басқаруды жүзеге асыруға қатысуға құқығы бар

  1. Жергілікті өзін-өзі басқару қала, ауыл, кент, ауылдық округ және ауыл шегінде жеке жүзеге асырылады.
  2. Жергілікті өзін-өзі басқару әкімнің, өкілді органның, сондай-ақ өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдарының қызметін тікелей ұйымдастыру арқылы жүзеге асырылады.

Облыстың, ауданның, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, облыстық маңызы бар қаланың, қаладағы ауданның әкімі мемлекеттік басқару функцияларымен қатар жергілікті өзін-өзі басқару сұрақтары бойынша функцияларды жүзеге асырады.

 

4 бап. Жергілікті өзін-өзі басқару органдарының міндеттері

  1. Жергілікті өзін-өзі басқару органдарының:

1) шығу тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге қатынасына, сеніміне, саяси партияларға мен қоғамдық бірлестіктерге тиесілігіне қарамастан тікелей, сондай-ақ жергілікті өзін-өзі басқарудың сайланбалы органдары арқылы жергілікті өзін-өзі басқаруды жүзеге асыруға;

2) Қазақстан Республикасының сайлау туралы заңнамасында көзделген тәртіппен сайланбалы жергілікті өзін-өзі басқару органдарын сайлауға және оларға сайлануға;

3) мемлекеттік органдар мен басқа да ұйымдарға жеке жүгінуге, сондай-ақ жеке және ұжымдық өтініштер жолдауға;

4) осы Заңда және Қазақстан Республикасының басқа да заңнамалық актілерінде көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқығы бар.

Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген жағдайларды қоспағанда, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының жергілікті өзін-өзі басқаруға қатысу құқықтарын шектеуге жол берілмейді және оған сот тәртібімен шағым жасалуы мүмкін.

Жергілікті өзін өзі басқару органдары өз қызметін жүзеге асыру кезінде міндетті:

1) Қазақстан Республикасының Конституциясын және заңнамасын сақтауға;

2) Қазақстан халқының бірлігін, елдегі ұлтаралық және конфессияаралық келісімді нығайтуға ықпал етуге;

3) мемлекеттік тілге және басқа тілдерге, Қазақстан халқының салттары мен дәстүрлеріне құрметпен қарауға және олардың дамуына ықпал етуге міндетті;

4) жалпымемлекеттік ішкі және сыртқы саясатқа, оның ішінде қаржылық және инвестициялық саясатқа сәкес келмейтін шешімдердің қабылдануына жол бермеуге;

5) бірыңғай еңбек нарығын, капиталды қалыптастыруға, тауарлар мен қызметтерді еркін алмасуға, Қазақстан Республикасының бірыңғай мәдени және ақпараттық кеңістігінің қалыптасуы және дамуына кедергі келтіретін шешімдердің қабылдануына жол бермеуге;

6) Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуде Қазақстан Республикасының мүдделерін сақтауға;

7) қызметтің қоғамдық маңызы бар салаларында белгіленген жалпы мемлекеттік стандарттарды сақтауға;

8) жергілікті қоғамдастық мүшелерінің құқықтары мен заңды мүдделерінің сақталуын қамтамасыз етуге;

9) өз қызметін жүзеге асыру кезінде жариялылық пен ашықтық, қоғамдық пікірді ескеру принциптерін ұстануға, жергілікті қоғамдастық мүшелерінің жергілікті өзін-өзі басқару органдарының отырыстарына еркін қатысу мүмкіндігін қамтамасыз етуге;

10) жергілікті қоғамдастық мүшелерінің жергілікті маңызы бар мәселелерді шешуге қатысуын қамтамасыз етуге міндетті.

 

5 бап. Жергілікті өзін-өзі басқару қағидаттары

Жергілікті өзін-өзі басқару мынадай қағидаттар негізінде жүзеге асырылады:

1) Азаматтардың шешімдер қабылдау процесіне қатысуы – азаматтардың мәселелерді шешуге қатысуы және олардың орындалуына мониторинг жасау;

2) Дербестік – жергілікті өзін-өзі басқару органдарының ұйымдастырушылық, экономикалық және қаржылық дербестігі;

3) Нақты функционалдық шекаралар – мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарының функциялары мен өкілеттіктерінің аражігін нақты бөлінуі негізіндегі қызметі;

4) Ашықтық – жергілікті өзін-өзі басқару органдарының тұрғындар алдындағы ашықтығы мен есептілігі.

 

3-тарау. Жергілікті маңызы бар мәселелер

6 бап. Аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, ауылдық округтердің жергілікті маңызы бар мәселелері

  1. Жұмыс істеуі мен әлеуметтік-экономикалық дамуын ұйымдастыру және халыққа әлеуметтік және мәдени қызметтер көрсету үшін жергілікті өзін-өзі басқару органдарының қарауына мынадай мәселелер жатады:

1) жергілікті бюджетті қалыптастыру, бекіту және атқару;

2) коммуналдық мүлікті басқару;

3) сумен жабдықтауды және су бұруды қамтамасыз ету;

4) жергілікті маңызы бар жолдардың жұмыс істеуін қамтамасыз ету;

5) қоғамдық пайдалану орындарын абаттандыру және көгалдандыру;

6) зираттардың жұмыс істеуін қамтамасыз ету және салттық қызметтер көрсету;

7) бос уақытты ұйымдастыру үшін жағдай жасау;

8) қоғамдық көліктің жұмыс істеуін қамтамасыз ету;

9) тұрмыстық қалдықтарды жинауды, әкетуді және кәдеге жаратуды ұйымдастыру;

10) жергілікті маңызы бар тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану саласындағы бақылау;

11) жер кодексіне сәйкес жер пайдалану ережелерін белгілеу;

12) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында жарнама орналастыру;

13) балалармен және жастармен жұмысты ұйымдастыру;

14) дене шынықтыру мен спортты дамыту үшін жағдайларды қамтамасыз ету;

15) төтенше жағдайлардың, оның ішінде әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру.

 

4-тарау. Мемлекеттік функцияларды жүзеге асыруды жергілікті өзін-өзі басқару органдарына өкілеттік беру (әзірлеуде)

 

5-тарау. Жергілікті өзін-өзі басқаруды жүзеге асыру нысандары

7-бап Жергілікті өзін-өзі басқаруды жүзеге асыруда халықтың жергілікті өзін-өзі басқаруды тікелей жүзеге асыру нысандары

  1. Жергілікті өзін-өзі басқаруды жүзеге асыруда халықтың жергілікті өзін-өзі басқаруды тікелей жүзеге асыру нысандарына мыналар жатады:

1) кеңес сайлауы;

2) азаматтар жиыны;

3) аумақтық қоғамдық өзін-өзі басқару қағидаттарына негізделеді.

  1. Халықтың қатысу нысандарына мыналар жатады:

1) азаматтар жиналысы;

2) сауалнама;

3) кеңес отырыстары;

4) мәслихат сессиялары.

  1. Халықтың жергілікті өзін-өзі басқаруды тікелей жүзеге асыруының және халықтың жергілікті өзін-өзі басқаруды жүзеге асыруға қатысуының осы Заңда көзделген нысандарымен қатар Қазақстан Республикасының Конституциясына, осы Заңға және өзге де заңнамасына қайшы келмейтін өзге де нысандарда жүзеге асырылады.

 

6-тарау. Жергілікті өзін-өзі басқару органдары және жергілікті өзін-өзі басқарудың лауазымды тұлғалары

8 бап. Жергілікті қоғамдастық жиынын құру және өткізу тәртібі

  1. Жергілікті маңызы бар мәселелерді шешу үшін аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің аумағында жергілікті қоғамдастық жиындары өткізіледі.

Жергілікті қоғамдастық жиындарына кәмелетке толмаған адамдардың, сот әрекетке қабілетсіз деп таныған адамдардың, сондай-ақ сот үкімімен бас бостандығынан айыру орындарындағы адамдардың қатысуға құқығы жоқ.

  1. Жергілікті қоғамдастық жиынын аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімі шақырады және ұйымдастырады.
  2. Жиындарда кеңес мүшелігіне кандидаттар сайланады.

Жиындарды өткізудің үлгі тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.

  1. Жергілікті қоғамдастық жиынының шақырылу уақыты, орны және жергілікті маңызы бар талқыланатын мәселелер туралы олар өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірілмей бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе өзге де тәсілдермен құлағдар етіледі.
  2. Жергілікті қоғамдастық жиыны осы аумақта тұратын және оған қатысуға құқығы бар жергілікті қоғамдастық мүшелерінің кемінде он пайызы қатысқан кезде өтті деп есептеледі.
  3. Жергілікті қоғамдастық жиынын аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімдері немесе оны алмастыратын лауазымды адам ашады.

Жергілікті қоғамдастық жиынын жүргізу үшін ашық дауыс беру арқылы жергілікті қоғамдастық жиынының төрағасы мен хатшысы сайланады. Жергілікті қоғамдастық жиынында хаттама жүргізіледі, оған төраға мен хатшы қол қояды және оны тиісті аудандық маңызы бар қала, ауыл және ауылдық округ әкімінің аппаратына береді.

Жергілікті қоғамдастық жиынында хаттама жүргізіледі, онда:

1) жергілікті қоғамдастық жиынының өткізілетін күні мен орны;

2) тиісті аумақта тұратын және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысуға құқығы бар жергілікті қоғамдастық мүшелерінің жалпы саны;

3)қатысушылардың саны және тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) көрсетілген тізім;

4) жергілікті қоғамдастық жиының төрағасы және хатшысының тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде);

5) күн тәртібі, сөйлеген сөздердің мазмұны және қабылданған шешімдер көрсетіледі.

Хаттамаға жергілікті қоғамдастық жиынының төрағасы мен хатшысы қол қояды және ол тиісті аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкіміне беріледі.

  1. Жергілікті қоғамдастық жиынының шешімі, егер оған қатысушылардың жартысынан астамы дауыс берсе, қабылданды деп есептеледі. Жергілікті қоғамдастық жиынында қабылданған шешімдер аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің міндетті түрде қарауына жатады.

Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімі жергілікті қоғамдастық жиынының шешімімен келіспейтінін білдіруге құқылы, ол осындай келіспеушілік туғызған мәселелерді қайтадан талқылау арқылы шешіледі.

Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің келіспеушілігін тудырған мәселелерді шешу мүмкін болмаған жағдайда, мәселені тиісті аудандық маңызы бар қаланың, қала, ауыл, кенттін, ауылдық округ, ауылдық округтің кеңесі жиынды өткізу қағидаларында айқындалатын тәртіппен шешеді.

  1. Жергілікті өзін-өзі басқару органдары, лауазымды адамдар өз құзыреті шегінде жергілікті қоғамдастық жиынында қабылданған және аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімдері мақұлдаған шешімдердің орындалуын қамтамасыз етеді.
  2. Жергілікті қоғамдастық жиынында қабылданған шешімдер бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе өзге де тәсілдермен таратылады. Қажет болған жағдайда жергілікті қоғамдастық жиынының қорытындылары бойынша аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімдері шешім қабылдайды.

 

9 бап. Жергілікті қоғамдастық жиынының өкілеттіктері.

  1. Жергілікті қоғамдастық жиыны қажеттілігіне қарай жергілікті маңызы бар неғұрлым маңызды мәселелер бойынша өткізіледі:

1) жергілікті қоғамдастықтың басым міндеттерін және оларды іске асыру мерзімдерін айқындау;

2) кеңес мүшелігіне кандидаттарды бес жыл мерзімге ұсыну;

3) аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) мәслихаттарына, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың), аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің әкімдеріне, жергілікті өзін-өзі басқару органдарына жергілікті маңызы бар мәселелер жөнінде ұсыныстар енгізу;

5) әкімдердің жергілікті өзін-өзі басқару функцияларын жүзеге асыру мәселелері бойынша есептерін тыңдау және талқылау;

6) аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімдерінің жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспардың іске асырылу қорытындылары туралы жыл сайынғы есептерін тыңдау және талқылау;

7) мәслихаттың және кеңестің атқарған жұмысы, оның тұрақты комиссияларының қызметі туралы есептерін тыңдау және талқылау;

8) жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту жоспарын келісу;

9) жергілікті қоғамдастық жиынында айқындалған жергілікті маңызы бар өзге де мәселелер бойынша өткізіледі.

10 бап. Аумақтық қоғамдық өзін-өзі басқару кеңесі

  1. Аумақтық қоғамдық өзін-өзі басқару кеңесі – бұл азаматтардың тұрғылықты жері бойынша өз бетінше және өз жауапкершілігімен өз бастамаларын жүзеге асыру үшін, бір сайлау округінің шегінде құрылған, округ халқының жиналыстарында сайланған төраға мен кеңес мүшелерінің құрамымен өзін-өзі ұйымдастыру.

Кеңестердің құрамы сайлау учаскесінің тиісті аумағында тұрақты тұратын елді мекен тұрғындарының неғұрлым белсенді бөлігінің қатарынан қалыптастырылады.

Сайлау округінен сайланған мәслихат депутатының аумақтық қоғамдық өзін-өзі басқару кеңесінің құрамына кіруге құқығы бар.

Аумақтық қоғамдық өзін-өзі басқару кеңестерінің қызметін бақылауды мәслихат жүзеге асырады.

Аумақтық қоғамдық өзін-өзі басқару кеңесі мүшелерінің өкілеттік мерзімі бес жылды құрайды.

Аумақтық қоғамдық өзін-өзі басқарудың жаңа кеңесін құру рәсімі осы бапта белгіленген тәртіпке сәйкес қолданыстағы аумақтық қоғамдық өзін-өзі басқару кеңесінің өкілеттік мерзімі аяқталғанға дейін екі ай бұрын басталады.

Аумақтық қоғамдық өзін-өзі басқару кеңесінің төрағасы оның мүшелері арасынан ашық дауыс беру арқылы бес жыл мерзімге сайланады.

Аумақтық қоғамдық өзін-өзі басқару кеңесінің төрағасы жұмыс жоспарын әзірлеуді қамтамасыз етеді, отырысқа материалдар дайындауды ұйымдастырады, аумақтық қоғамдық өзін-өзі басқару кеңесінің мүшелеріне отырыстың өтетін орны, уақыты және күн тәртібі туралы хабарлайды.

Аумақтық қоғамдық өзін-өзі басқару кеңесі жұмысының негізгі нысаны отырыстар болып табылады.

Аумақтық жергілікті өзін-өзі басқару кеңесінің отырыстары ашық болып табылады.

Аумақтық қоғамдық өзін-өзі басқару кеңесінің шешімдері ашық дауыс беру арқылы қабылданады және егер оларға аумақтық қоғамдық өзін-өзі басқару кеңесі қатысып отырған мүшелерінің көпшілік дауысы берілсе, қабылданды деп есептеледі. Дауыстар тең болған жағдайда төрағаның дауысы шешуші болып табылады.

Аумақтық қоғамдық өзін-өзі басқару кеңесінің шешімі хаттама түрінде ресімделеді, мәслихатқа, кеңеске, әкім аппаратына, тиісті мекемелер мен ұйымдарға жіберіледі және 30 күнтізбелік күн ішінде оларды қарау үшін міндетті болып табылады.

Қарау нәтижелері аумақтық қоғамдық өзін-өзі басқару кеңесінің отырысында не мәслихат сессиясында немесе кеңес отырысында жариялануға тиіс.

  1. Аумақтық қоғамдық өзін-өзі басқару кеңесінің өкілеттіктері:

1) құқық бұзушылық профилактикасы, учаскелік полиция инспекторларының жұмысын жақсарту, абаттандыру, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, санитариялық жай-күй, аумақтық қоғамдық өзін-өзі басқару кеңесі шекараларының шегіндегі экология мәселелері бойынша ұсыныстарды зерделеу, талдау және өкілді және атқарушы органдардың қарауына енгізу;

2) азаматтарды тұрғын үйлер мен үй маңындағы аумақтардың сақталуын, пайдаланылуын, жөнделуін, абаттандырылуын жақсарту мәселелерін шешуге тарту;

3) біріккен мүлік меншік иелерінің және жай серіктестіктердің өкілдерімен өзара іс-қимыл жасау;

4) тиісті мәслихат немесе кеңес бекіткен аумақтық қоғамдық өзін-өзі басқару кеңесінің ережесінде айқындалған өзге де мәселелер жатады.

 

11 бап. Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің құзыреті

  1. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімі:

1) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында лауазымды адам болып табылады және мемлекеттік органдармен, ұйымдармен және азаматтармен өзара қарым-қатынастарда оның атынан сенімхатсыз өкілдік етеді;

2) аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімі өзіне жүктелген функцияларды іске асыру үшін кеңес алдында жауапты болады.

Әкімінің құзыреттеріне аудан, аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ жатады

1) азаматтардың өтініштерін, арыздарын, шағымдарын қарау, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау жөнінде шаралар қолдану;

2) кәсіпқой емес медиаторлардың тізілімін жүргізу;

3) өз құзыреті шегінде Ақпараттық жүйелерді қолдана отырып, электрондық қызметтер көрсету.

4) салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді жинауға жәрдемдесу болып табылады;

5) жергілікті бюджетті бекіту (нақтылау) кезінде Кеңес отырыстарына қатысу;

6) аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджетін іске асыру туралы шешім қабылдау;

7) жергілікті қоғамдастық жиынымен алдын ала келісілгеннен кейін жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту жоспарын кеңестің қарауына ұсыну болып табылады;

8) азаматтар мен заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасы Конституциясының, заңдарының, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметі актілерінің, орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілерінің нормаларын орындауына жәрдемдесу болып табылады;

9) өз құзыреті шегінде жер қатынастарын реттеуді жүзеге асыру;

10) жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншігіне жататын объектілерді салу, реконструкциялау және жөндеу бойынша Тапсырыс беруші болады;

11) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншігін басқаруды қамтамасыз ету;

12) аудандық маңызы бар қаланың, қала, ауыл, кенттін, ауылдық округ, ауылдық округтің коммуналдық тұрғын үй қорының сақталуын қамтамасыз ету, сондай-ақ аудандық маңызы бар қалаларда, ауылдарда, кенттерде, ауылдық округтерде автомобиль жолдарын салу, реконструкциялау, жөндеу және күтіп-ұстау;

13) шаруа немесе фермер қожалықтарын ұйымдастыруға, кәсіпкерлік қызметті дамытуға жәрдемдесу болып табылады;

14) өз құзыреті шегінде әскери міндеттілік және әскери қызмет, жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру туралы, сондай-ақ азаматтық қорғау саласындағы мәселелер бойынша Қазақстан Республикасы заңнамасының орындалуын ұйымдастыру және қамтамасыз ету;

15) ауыл, ауылдық округ әкімі Жұмыспен қамту органдары болмаған жағдайда жұмыссыздарды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тіркейді;

16) тарихи және мәдени мұраны сақтау жөніндегі жұмысты ұйымдастыру;

17) табысы аз адамдарды анықтау, жоғары тұрған органдарға еңбекпен қамтуды қамтамасыз ету, атаулы әлеуметтік көмек көрсету жөнінде ұсыныс енгізу, жалғызілікті қарттарға және еңбекке жарамсыз азаматтарға үйінде қызмет көрсетуді ұйымдастыру, оларға қайырымдылық көмек көрсетуді үйлестіру;

18) қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінен босатылған, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу, сондай-ақ оларға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әлеуметтік-құқықтық және өзге де көмек көрсетеді;

19) мүгедектерге көмек көрсетуді ұйымдастыру;

20) қоғамдық жұмыстарды, жастар практикасын және әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру;

21) дене шынықтыру және спорт жөніндегі уәкілетті органмен және мүгедектердің қоғамдық бірлестіктерімен бірлесіп, мүгедектер арасында сауықтыру және спорттық іс-шаралар өткізуді ұйымдастыру;

22) мүгедектердің қоғамдық бірлестіктерімен бірлесіп, мәдени-бұқаралық және ағарту іс-шараларын ұйымдастыру;

23) мүгедектерге қайырымдылық және әлеуметтік көмек көрсетуді үйлестіру;

24) халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз топтарына қайырымдылық көмек көрсетуді үйлестіру;

25) ауылдық денсаулық сақтау ұйымдарын кадрлармен қамтамасыз етуге жәрдемдесу болып табылады;

26) «Алтын алқа» алқасымен наградталған аналарға тұрғын үй бөлуге жәрдемдесу;

27) жазаның осы түріне сотталған адамдардың қылмыстық-атқару қызметі саласындағы уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен қоғамдық жұмыстарды орындауын ұйымдастыру;

28) жергілікті әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту бойынша жәрдемдесу болып табылады;

29) қоғамдық көлік қозғалысын ұйымдастыру;

30) шұғыл және кезек күттірмейтін медициналық көмек көрсету қажет болған жағдайда науқастарды медициналық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымына дейін жеткізуді ұйымдастырады;

31) облыстардың жергілікті атқарушы органдары құрған мемлекеттік ветеринариялық ұйымдарға олардың тиісті әкімшілік-аумақтық бірлікте ветеринария саласындағы функцияларды орындауы кезінде жәрдем көрсету;

32) қажет болған жағдайда жатқан науқасты стационарлық жағдайларда медициналық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымынан тұрғылықты жеріне дейін тасымалдауды ұйымдастыру;

33) жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен өзара іс-қимыл жасау;

34) республикалық маңызы бар қалаларда, астанада, облыстық маңызы бар қалаларда орналасқан мәдениет мекемелерін қоспағанда, мәдениет мекемелерінің қызметін қамтамасыз ету;

35) өз құзыреті шегінде елді мекендерді сумен жабдықтауды ұйымдастыру және су пайдалану мәселелерін реттейді;;

36) елді мекендерді абаттандыру, жарықтандыру, көгалдандыру мен санитарлық тазарту және қоғамдық орындарды сыртқы безендіру жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру; ;

37) туысы жоқ адамдарды жерлеуді ұйымдастыру және зираттар мен өзге де жерлеу орындарын тиісті қалпында күтіп-ұстау жөніндегі қоғамдық жұмыстар жүргізіледі.

38) қабірлерге арналған жер учаскелерін есепке алуды және тіркеуді жүргізу;

39) жеке адамдардың тұрғылықты жері бойынша және олардың көпшілік демалатын орындарда спортпен шұғылдануы үшін инфрақұрылым жасау;

40) қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде жазасын өтеп жүрген сотталғандарды жұмыспен қамтуға жәрдемдесу, оның ішінде:

қылмыстық-атқару жүйесінің кәсіпорындары мен мекемелері өндіретін, орындайтын және көрсететін Тауарларға, жұмыстарға және қызметтерге тапсырыстарды орналастыру;

қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің аумағында сотталғандардың еңбегін пайдаланатын өндірістер ашу, оларды кеңейту және жаңғырту үшін кәсіпкерлік субъектілерін тарту арқылы жәрдемдеседі;;

41) коммуналдық қалдықтарды бөлек жинауды ұйымдастыру;

42) басқаруына берілген аудандық коммуналдық мүлікті жеке тұлғаларға және мемлекеттік емес заңды тұлғаларға кейіннен сатып алу құқығынсыз мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру;

43) берілген коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындар қызметінің басым бағыттарын және бюджеттен қаржыландырылатын жұмыстарының (көрсетілетін қызметтерінің) міндетті көлемдерін айқындау;

44) берілген коммуналдық мүліктің сақталуын қамтамасыз ету;

45) берілген аудандық коммуналдық заңды тұлғаларды басқаруды жүзеге асыру;

46) кеңеспен бірлесіп, стратегиялық маңызы бар объектілерді қоспағанда, жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншігіне беруге жататын мүлік түрлерін айқындау;

47) жергілікті қоғамдастық жиыны мүшелерінің кемінде үштен екісінің бастамасы бойынша кеңесті тарату туралы шешім қабылдау;

48) кеңес мүшелерінің санын аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ, шағын аудан, көше, көппәтерлі тұрғын үй халқының жалпы санына қарай, кеңестің үлгі регламентіне сәйкес айқындайды;

49) жергілікті атқарушы органның шешімімен бекітілетін аудандық коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынның басқаруына берілген жылдық қаржылық есептілікті келісу;

50) басқаруына берілген коммуналдық қазыналық кәсіпорындар өндіретін және өткізетін тауарларға (жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге) баға белгілеу жатады;

51) берілген аудандық коммуналдық мемлекеттік мекемелердің жергілікті бюджеттен қаржыландырылуының жеке жоспарларын бекіту;

52) бюджет қаражатын үнемдеу және (немесе) Қазақстан Республикасының жергілікті өзін-өзі басқару туралы заңнамасында көзделген түсімдердің есебінен жұмыскерлерді еңбек шарты бойынша қабылдау;

53) мемлекеттік мекемелердің өздерінің иелігінде қалатын тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуінен түсетін ақша түсімдері мен шығыстарының жиынтық жоспарын Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес жасау және бекіту; ;

54) аудандық маңызы бар қаланың, қала, ауыл, кенттін, ауылдық округ, ауылдық округтің тұрғын үй қорына түгендеу жүргізу;

55) аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімімен және кеңеспен келісім бойынша аудандық маңызы бар қаланың, қала, ауыл, кенттін, ауылдық округ, ауылдық округтің авариялық тұрғын үйлерін бұзуды ұйымдастыру;

56) мемлекеттік жоспарлау жүйесінің бағдарламалық құжаттары шеңберінде ауыл халқына микрокредит беруге жәрдем көрсету;

57) аудан орталығымен көлік қатынасын ұйымдастыру жөнінде аудандық атқарушы органға ұсыныстар енгізу кіреді.

  1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік статистика саласындағы заңнамасына сәйкес ауыл, ауылдық округ әкімдері:

1) мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті орган бекіткен статистикалық әдіснамаға сәйкес шаруашылық бойынша есепке алуды жүргізеді;

2) мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша тіркеу жазбаларын жүргізуді ұйымдастырады;

3) шаруашылық бойынша есепке алу деректерінің анықтығын қамтамасыз етеді.

  1. Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің қарауына Қазақстан Республикасының заңнамасымен өзге де мәселелерді шешу жатқызылуы мүмкін.

 

12 бап. Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімін лауазымға сайлау, лауазымнан босату тәртібі

  1. Аудандық маңызы бар қаланың, қала, ауыл, кенттін, ауылдық округ, ауылдық округтің әкімі тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің халқы жалпыға бірдей, тең, төте сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру арқылы жиырма бес жастан төмен емес жастағы Қазақстан Республикасы азаматтарының қатарынан төрт жыл мерзімге қызметке сайлайды.
  2. Бір адам сол бір аудандық маңызы бар қаланың, қала, ауыл, кенттін, ауылдық округ, ауылдық округтің әкімі болып қатарынан екі реттен артық сайлана алмайды.
  3. Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің сайлауын өткізу тәртібі «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңымен реттеледі.
  4. Сайланған аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің өкілеттігі «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына сәйкес ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) аумақтық сайлау комиссиясы оны тіркеген кезден басталады.
  5. Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімі аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппаратын басқарады;

Аудандық маңызы бар қаланың, қала, ауыл, кенттін, ауылдық округ, ауылдық округтің әкімі жергілікті өзін-өзі басқарудың өкілді органының мүшесі бола алмайды.

  1. Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің өкілеттігі мынадай жағдайларда тоқтатылады:

1) әкім қайтыс болған, әкімді әрекетке қабілетсіз, әрекет қабілеті шектеулі, хабар-ошарсыз кеткен деп тану туралы сот шешімі не оны қайтыс болды деп жариялау туралы сот шешімі заңды күшіне енген жағдайларда тоқтатылады;

2) өзі ұсынған саяси партия қайта ұйымдастырылған және таратылған жағдайларды қоспағанда, саяси партияға мүшелік тоқтатылған; ;

3)жоғары тұрған әкімнің аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаттары әкімге қатысты білдірген сенімсіздік вотумын қабылдауы;

4) Қазақстан Республикасының азаматтығы тоқтатылған жағдайларда тоқтатылады;

5) ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) аумақтық сайлау комиссиясы жаңадан сайланған әкімді тіркеген жағдайларда жүзеге асырылады;

6) осы Заңда және Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де жағдайларда тоқтатылады.

  1. Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің өкілеттіктері осы баптың 5-тармағында көзделген негіздер бойынша тоқтатылған кезде ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) аумақтық сайлау комиссиясы аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің өкілеттіктерін тоқтатуға әкеп соғатын негіздердің басталу фактісі айқындалатын шешім қабылдайды және ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) тиісті әкіміне аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтату туралы ұсыныс енгізу туралы шешім

Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) аумақтық сайлау комиссиясының ұсынысы негізінде аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімі тиісті аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің өкілеттігін тоқтатады.

Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің өкілеттіктері тоқтатылған кезде Қазақстан Республикасы Президентінің шешімі негізінде ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) аумақтық сайлау комиссиясы тиісті адамның аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің өкілеттіктерін жоғалту фактісін белгілейтін шешім қабылдайды.

 

13 бап. Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты: білім беру, функциялары

  1. Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің қызметін ақпараттық-талдау тұрғысынан, ұйымдық-құқықтық және материалдық-техникалық қамтамасыз етуді, сондай-ақ жергілікті маңызы бар мәселелерді шешуді аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты жүзеге асырады.
  2. Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппаратын аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімдігі құрады, таратады және қайта ұйымдастырады.
  3. Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімі өкілеттіктерінің тоқтатылуына, жаңа әкімнің тағайындалуына немесе сайлануына байланысты аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімі аппаратының мемлекеттік қызметшілері қызметінің мәселелері Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалады.
  4. Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты туралы ережені, оның құрылымын аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімдігі бекітеді.
  5. Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты туралы үлгілік ережені жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган бекітеді.
  6. Әкім аппараты жергілікті бюджет есебінен ұсталатын мемлекеттік мекеме болып табылады.
  7. Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппаратын аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімдігі құрады, таратады және қайта ұйымдастырады.

7-1. Әкім аппараты ауылдарда, кенттерде, ауылдық округтерде құрылады.

Әкім аппараты халық саны 500 адамнан кем емес ауылдарда, кенттерде, ауылдық округтерде құрылады.

Мынадай талаптардың біріне сәйкес халық саны кемінде 250 адам ауылдарда әкім аппаратын құруға жол беріледі:

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасынан 25 километрге дейінгі қашықтықта орналасуы;

50 километр радиуста тиісті ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) басқа елді мекенінің болмауы.

  1. Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты:

1) абаттандыру және санитарлық тазарту, жасыл екпелерді күтіп-ұстау және қорғау, мал жаю және үй жануарларын серуендету қағидаларын әзірлеу;

2) көрме-жәрмеңкелік қызметті ұйымдастыруды және көше саудасының мониторингін жүзеге асыру;

3) бейіттерге арналған жер учаскелерін есепке алу және тіркеу;

4) көшелерді санитарлық тексеру;

5) коммуналдық қалдықтарды бөлек жинауды ұйымдастыру;

6) есепті кездесулерде көтерілген мәселелерді шешу мәртебесі бойынша ай сайынғы есептілікті жасау және мониторингілеу;

7) әлеуметтік шиеленіске және еңбек жанжалдарының туындау тәуекелдеріне мониторингті жүзеге асыру арқылы қамтамасыз етіледі.

8) аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджетінің жоспарлануын және атқарылуын қамтамасыз ету;

9) аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджетінің атқарылуы туралы есепті кеңеске ұсыну;

10) жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту жоспарын әзірлеу;

11) өзіне осы Заңмен және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамасымен жүктелген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

14 бап. Кеңес құру тәртібі

  1. Кеңес жергілікті қоғамдастық жиындарында ашық дауыс беру арқылы бес жыл мерзімге сайланады.
  2. Қазақстан Республикасының жиырма жасқа толған азаматы кеңес мүшесі болып сайлана алады.
  3. Кеңес мүшелерінің саны аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ халқының жалпы санына сәйкес айқындалады.
  4. Кеңесті құру және оның қызмет ету тәртібі кеңес бекітетін кеңес регламентімен айқындалады.
  5. Кеңестің үлгі регламентін жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган бекітеді.

 

15 бап. Кеңес жұмысын ұйымдастыру

  1. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен кеңес өз өкілеттіктерін тұрақты комиссиялар және аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты, кеңес мүшелері мен төрағасы арқылы жүзеге асырады.

Кеңесті жүргізу үшін ашық дауыс беру арқылы кеңес мүшелерінің арасынан кеңестің төрағасы мен хатшысы сайланады. Отырыстың күн тәртібін кеңес бекітеді.

  1. Кеңесті жиыны аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімдері дербес не жергілікті қоғамдастық жіберген кеңес мүшелері санының кемінде үштен бірінің бастамасы бойынша шақыруы мүмкін. Кеңес отырыстары қажеттілігіне қарай, бірақ тоқсанына кемінде бір рет өткізіледі.
  2. Кеңестің шақырылу уақыты, орны туралы және кеңес мүшелерінің талқыланатын мәселелер олар өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірілмей бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе өзге де тәсілдермен құлағдар етіледі.
  3. Кеңес отырысы жергілікті қоғамдастық жиыны жіберген мүшелердің кемінде жартысы қатысқан кезде өтті деп есептеледі. Кеңес отырысында хаттама жүргізіледі.

Хаттамаға кеңес төрағасы мен хатшысы қол қояды және тиісті аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкіміне беріледі.

  1. Кеңес шешімі, егер оған кеңес қатысушылардың жартысынан астамы дауыс берсе, қабылданды деп есептеледі. Кеңесте қабылданған шешімдер аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің міндетті түрде қарауына жатады. Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімі кеңестің шешімімен келіспейтіндігін білдіруге құқылы, мұндай келіспеушілік тудырған мәселелерді қайта талқылау арқылы шешіледі.

Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің келіспеушілігін тудырған мәселелерді шешу мүмкін болмаған жағдайда, мәселені жоғары тұрған әкім тиісті аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының отырысында алдын ала талқылағанан кейін шешеді.

  1. Жергілікті өзін-өзі басқару органдары, лауазымды адамдар өз құзыреті шегінде кеңесте қабылданған және аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімдері мақұлдаған шешімдердің орындалуын қамтамасыз етеді.

Кенесте қабылданған шешімдер бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе өзге де тәсілдермен таратылады.

  1. Кеңес өз өкілеттігі мерзіміне тұрақты комиссиялар құрады. Олардың саны бестен аспауға тиіс. Қажет болған жағдайда кеңес тұрақты комиссияларды жаңадан құрып, таратып және қайта ұйымдастыра алады.
  2. Тұрақты комиссиялардың тізбесі мен сан құрамын кеңес белгiлейдi. Комиссиялардың төрағалары мен мүшелерін оның мүшелерінен тиісті кеңес сайлайды.
  3. Комиссиялар оларды сайлаған кеңес алдында жауапты және жылына кемінде бір рет өз қызметі туралы есеп береді.
  4. Кеңес мүшелері аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджетінің бекітілген көрсеткіштерінің атқарылуы туралы ақпаратты жинау, жүйелеу, талдау және қорыту мақсатында мониторинг жүргізеді.
  5. Мониторингті кеңестің тиісті комиссиясының мүшелері аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджетінің жоспарланған және қол жеткізілген көрсеткіштерін салыстыру арқылы жарты жылда бір рет жүзеге асырады. Қажет болған жағдайда, кеңестің шешімі бойынша кезектен тыс мониторинг жүргізілуі мүмкін.
  6. Кеңес комиссиясы жергілікті өзін-өзі басқару органдарының қаражаты есебінен аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджетінің атқарылуына мониторинг жүргізу үшін мамандар тартуға құқылы.
  7. Мониторинг жүргізу жөніндегі әдіснамалық және әдістемелік басшылықты бюджеттің атқарылуы жөніндегі орталық уәкілетті орган қамтамасыз етеді.

Кеңес комиссиясының мүшелері қол қойған мониторинг нәтижелері туралы есеп кеңестің талқылауына шығарылады.

  1. Мониторинг нәтижелері туралы есепті талқылау қорытындылары бойынша кеңес аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджетінің тиімді атқару жөнінде ұсынымдар қабылдайды.

Тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің әкімі кеңестің кезекті отырысына аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджетінің тиімді атқарылуы жөніндегі ұсынымдарды қарау қорытындылары туралы негізделген қорытынды енгізеді.

 

16 бап. Кеңес пен оның мүшелерінің өкілеттіктері

  1. Кеңес пен оның мүшелерінің өкілеттіктеріне мыналар жатады:

1) бағдарламалық құжаттардың, жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту жоспарларының жобаларын талқылау және қарау;

2) аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджетінің жобасын және бюджеттің атқарылуы туралы есепті бекіту;

3) аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімі аппаратының аудандық маңызы бар қаланың, қала, ауыл, кенттін, ауылдық округ, ауылдық округтің коммуналдық мүлкін басқару жөніндегі шешімдерін келісу;

4) аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджетінің атқарылуын мониторингтеу мақсатында кеңеске қатысушылар қатарынан уақытша комиссия құру;

5) аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджетінің атқарылуына жүргізілген мониторинг нәтижелері туралы есепті тыңдау және талқылау;

6) аудандық маңызы бар қаланың, қала, ауыл, кенттін, ауылдық округ, ауылдық округтің коммуналдық мүлкін иеліктен шығаруды келісу;

7) жергілікті өзін-өзі басқару өзекті мәселелерін, жергілікті атқарушы органдардың, сондай-ақ әкімдердің тиісті аумақта карантиндік режимді енгізе отырып, карантиндік аймақты белгілеу (күшін жою) туралы, Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасында көзделген жағдайларда карантинді және (немесе) шектеу іс-шараларын белгілеу (алып тастау) туралы шешімдер қабылдауды, сондай-ақ табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдай жариялауды көздейтін нормативтік құқықтық актілерінің жобаларын қоспағанда, азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен міндеттеріне қатысты нормативтік құқықтық актілердің жобаларын талқылау, сондай-ақ «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген мерзімдерде олар бойынша ұсынымдар беру;

8) аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімінің аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімі лауазымына ұсынған кандидатураларын «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 113-3-бабының
6-тармағында көзделген жағдайда одан әрі ұсыну үшін келісу;

9) аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімін лауазымынан босату туралы мәселеге бастамашылық жасау;

10) жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын және тиісті аумақтарда орналасқан мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардың басшыларын тағайындау жөнінде ұсыныстар енгізу кіреді;

11) жергілікті қоғамдастық мүшелерінен кәсіпқой емес медиаторларды сайлау;

12) жергілікті өзін-өзі басқару органдарының өңіраралық ынтымақтастық ұйымдарына қатысу тәртібін айқындау;

13) абаттандыру және санитарлық тазарту, жасыл екпелерді күтіп-ұстау және қорғау, мал жаю және үй жануарларын серуендету қағидаларын бекітеді;

14) көше саудасы, мерекелік іс-шаралар мен конкурстар өткізу мәселелерін реттеу;

15) жергілікті қоғамдастықтың басқа да ағымдағы мәселелерін қамтиды.

 

17 бап. Кеңес мүшелерінің өз өкілеттіктерін жүзеге асыру кезіндегі құқықтары, міндеттері

  1. Кеңес мүшелерінің құқығы бар:

1) шығу тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына, сеніміне, саяси партияларға мен қоғамдық бірлестіктерге қатыстылығына қарамастан жергілікті өзін-өзі басқаруды жүзеге асыруға;

2) мемлекеттік органдар мен ұйымдарға жеке жүгінуге, сондай-ақ жеке және ұжымдық өтініштер жолдауға;

3) жергілікті қоғамдастық мүшелерімен кездесулер өткізуге;

4) жергілікті қоғамдастық жиындарына қатысуға;

5) құрылатын тұрақты комиссиялардың құрамына кандидатураларды, оның ішінде өзінің жеке кандидатурасын ұсынуға;

6) осы Заңда және Қазақстан Республикасының басқа да заңнамалық актілерінде көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқығы бар.

Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген жағдайларды қоспағанда, кеңес мүшесінің жергілікті өзін-өзі басқаруға қатысу құқығын шектеуге жол берілмейді және оған сот тәртібімен шағым жасалуы мүмкін.

  1. Кеңес мүшелері міндетті:

1) кеңестің және өзі құрамына сайланған органының жұмысына қатысуға;

2) жергілікті қоғамдастықтың өзіне келіп түскен өтініштерін қарауға;

3) тиісті әкімшілік-аумақтық бірлікте тұруға;

4) қоғамдық пікірін, азаматтардың, қоғамдық және өзге де ұйымдардың қажеттіліктері мен сұраныстарын зердеулеге, олар туралы кеңесуге хабарлауға, оларды қанағаттандыру үшін ұсыныстар енгізуге және өзге де шаралар қабылдауға.

 

18 бап. Кеңес төрағасы

  1. Кеңес төрағасының функционалдық міндеттеріне мыналар жатады:

1) аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппаратымен кеңестің ұйымдастыру қызметін қамтамасыз ету бойынша өзара іс-қимыл жасау;

2) жергілікті қоғамдастықтың бастамасы бойынша жергілікті қоғамдастық жиынын өткізу туралы шешім қабылдау;

3) кеңес отырысын өткізу туралы шешім қабылдайды;;

4) кеңес отырыстарын жүргізеді, кеңес регламентінің сақталуын қамтамасыз етеді;

5) жергілікті маңызы бар мәселелерді кеңестің талқылауына шығару;

6) кеңес мүшелерінің өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына жәрдемдеседі, оларды қажетті ақпаратпен қамтамасыз етеді;

7) жергілікті қоғамдастықтың сұрау салулары мен өтініштерін қарауды бақылайды;

8) тұрақты комиссиялардың қызметін үйлестіреді;

9) мемлекеттік органдармен, ұйымдармен, жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен және қоғамдық бірлестіктермен қарым-қатынастарда кеңес атынан өкiл болады;

10) кеңес шешімдерінің жариялануын қамтамасыз етеді, олардың орындалуына бақылау жасау жөніндегі іс-шараларды белгілейді;

11) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне қайшы келмейтін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру жатады.

  1. Кеңес төрағасының кеңестің тұрақты комиссияларында болуға құқығы жоқ.

 

19 бап. Кеңес пен оның мүшелерінің өкілеттігін тоқтату негіздері

  1. Кеңес өкілеттігі келесі жағдайларда тоқтатылады:

1) заңнамада оны қалыптастырудың белгіленген тәртібі бұзу;

2) осы Заңда белгіленген өкілеттік мерзімі аяқталған жағдайларда тоқтатылады;

3) кеңес отырыстарында кворум қатарынан үш рет болмаған жағдайда;

4) жергілікті қоғамдастық жиыны мүшелерінің кемінде үштен екісінің аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің алдында кеңесті тарату туралы мәселеге бастамашылық жасауға құқығы бар.

  1. Жергілікті қоғамдастық жиыны қатарынан үш реттен артық енгізген ұсыныстар бойынша кеңес отырысының нәтижелері бойынша шешім қараусыз қалдырылған және/немесе қабылданбаған жағдайларда кеңесті тарату туралы мәселеге бастамашылық жасайды.
  2. Кеңес мүшесінің өкілеттігі мына жағдайларда тоқтатылады:

1) мемлекеттік қызметке кіру;

2) Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалтқан жағдайларда;

3) соттың айыптау үкімі заңды күшіне енген жағдайда;

4) өлім;

5) жергілікті өзін-өзі басқару шекарасынан тыс жерлерге тұрақты тұруға кеткен, әскери қызметке шақырылған, күндізгі оқу нысанымен жоғары оқу орнына түскен;

6) Қазақстан Республикасының заңнамасында адам белгіленген тәртіппен әрекет қабілеті шектеулі немесе әрекетке қабілетсіз не хабар-ошарсыз кеткен немесе қайтыс болды деп жарияланған деп танылған жағдайларда тоқтатылады;

7) оның құрамынан шығу туралы өтініш берілуіне байланысты;

8) өз міндеттерін орындамаған және (немесе) тиісінше орындамаған, сондай-ақ кеңес регламентін бұзған жағдайларда жүзеге асырады.

Кеңес мүшесінің өкілеттігін осы баптың 3-тармағының
8) тармақшасында көрсетілген негіз бойынша тоқтату туралы шешім оның мүшелерінің жалпы санының көпшілік даусымен қабылданады.

 

7 тарау. Жергілікті өзін-өзі басқару саласындағы нормативтік құқықтық актілер

20 бап. Кеңес актілері

  1. Кеңестің өз құзыретіндегі мәселелер бойынша шығаратын шешімдері кеңестің актілері болып табылады.
  2. Кеңестің жергілікті бюджет кірістерін қысқартуды немесе жергілікті бюджет шығыстарын ұлғайтуды көздейтін шешімдерінің жобалары әкімнің оң қорытындысы болған жағдайда ғана қарауға енгізілуі мүмкін.
  3. Кеңестің Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына сәйкес келмейтін шешімдерін кеңестің өзiнiң жоюы не сот тәртібімен жойылады.

 

21 бап. Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің актілері

  1. Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімі нормативтік-құқықтық сипаттағы шешімдер және әкімшілік-өкімдік, жедел және жеке сипаттағы мәселелер бойынша өкімдер шығарады.
  2. Әкімнің өз құзыреті шегінде қабылданған актілерінің тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің бүкіл аумағында міндетті күші болады.
  3. Аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдерінің азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен міндеттеріне қатысты актілерді қабылдауы "Құқықтық актілер туралы"Қазақстан Республикасының Заңында көзделген ерекшеліктер ескеріле отырып жүзеге асырылады.
  4. Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімі актілерінің күшін Қазақстан Республикасының Президенті, Үкіметі, жоғары тұрған әкім, әкімнің өзі, сондай-ақ сот шешімі толығымен немесе ішінара жоюы не тоқтата тұруы мүмкін.

 

22 бап. Мемлекеттік органдардың жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен өзара қарым-қатынасы

  1. Мемлекеттік органдар жергілікті өзін-өзі басқарудың қалыптасуы мен дамуы үшін қажетті құқықтық, ұйымдастырушылық және өзге де жағдайлар жасайды, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының қызметін әдістемелік және ақпараттық қамтамасыз етуді қоса алғанда, Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне және өзге де нормативтік құқықтық актілерге сәйкес халықтың жергілікті өзін-өзі басқару құқығын жүзеге асыруына жәрдем көрсетеді.
  2. Мемлекет осы Заңда белгіленген өкілеттіктер шегінде жергілікті өзін-өзі басқару органдарының дербестігіне кепілдік береді.

8 тарау. Жергілікті өзін-өзі басқарудың қаржы-экономикалық негіздері

23 бап. Өзін-өзі басқару қызметінің экономикалық және қаржылық негізі

  1. Жергілікті өзін-өзі басқару қызметінің экономикалық және қаржылық негізін мыналар құрайды:

1) жергілікті бюджет;

2) коммуналдық заңды тұлғаларға бекiтiліп берілген мүлiк;

3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес коммуналдық меншіктегі өзге де мүлік құрайды.

 

9 тарау. Қорытынды  және өтпелі ережелер

24 бап. Осы Заңның өзге де заң актілерімен арақатынасы және оның ережелерін іске асыру тәртібі

  1. Осы Заңның ережелері Қазақстан Республикасында жергілікті өзін-өзі басқаруды қамтамасыз етудің жекелеген бағыттары мен тетіктерін регламенттейтін өзге де нормативтік құқықтық актілерді қабылдау үшін негіз болып табылады.
  2. Осы Заң күшіне енген кезде қолданылып жүрген Қазақстан Республикасының заңдары оған қайшы келмейтін бөлігінде қолданылады және ол күшіне енген күннен бастап бір жыл ішінде осы Заңға сәйкес келтірілуге тиіс.

 

 

 

Қазақстан Республикасының

Президенті

 

 

Дата публикации
23 декабря 2022