Қарағанды облысы Балқаш қаласы Гүлшат кенті әкімінің сайлауы бойынша қорытындысы туралы ХАБАРЛАМА

2021 жылдың 25 шілдесінде Балқаш қаласының бір сайлау округінде сайлау өтті.

         Балқаш қалалық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» ҚР Конституциялық заңының 14 бабының 9) тармақшасына, 44 бабының 2 тармағына, 45 бабына, 113-10 бабына сәйкес, №206 учаскелік сайлау комиссиясының Балқаш қаласының кенті әкімін сайлау нәтижелері хаттамасы негізінде сайлау қорытындысын белгіледі:

Гүлшат кенті әкімін сайлау жөніндегі

Гүлшат сайлау округі

         Аталған сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 234 азамат енгізілген, оның 194-і дауыс беруге қатысты. Жарамсыз болған бюллетендер жоқ. «Барлығына қарсы» - 2.

         Әрбір кандидатқа берілген дауыс саны:

         Ахметов А.Р. – 28; Кокобаев Н.О. – 4; Қасенхан Р.П. – 124;  Молдабеков С.Б. - 36.

Сайлаушылардың басым көпшілігінің дауысын алған Қасенхан Расул Парменұлы Гүлшат кентінің әкімі болып сайланды. 1994 жылы туған, «Балқаш қаласы әкімі аппарата» ММ ұйымдастыру-инспекторлық бөлімінің бас маманы. Балқаш қаласында тұрады. «Nur Otan» партиясынан ұсынылған.

                                             

Балқаш қалалық сайлау комиссиясы

Дата публикации
25 июля 2021