
«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында бүгін кентімізде «Таза бейсенбілік» өтті.
Аталған іс-шара барысында аумақты санитарлық тазалау жұмыстары жүргізіліп, тұрмыстық қалдықтар жиналды, қоғамдық орындар ретке келтіріліп, көшелер мен іргелес аумақтар тазартылды. Акцияға мекеме қызметкерлері, шағын және орта бизнес өкілдері, сондай-ақ кентіміздің белсенді тұрғындары қатысты.
Барлық қатысушыларға белсенділік танытып, кентіміздің экологиялық жағдайын жақсартуға қосқан үлестері үшін алғысымызды білдіреміз. Бірлескен күш-жігердің арқасында ғана кентімізді таза, көрікті әрі жайлы ете аламыз.
Барша тұрғындарды тазалықты сақтауға, қоршаған ортаға ұқыпты қарауға және осындай игі шараларға белсене қатысуға шақырамыз.