
Құрметті Саяқ кентінің тұрғындары! Сіздерді еліміз үшін айырықша мәні бар - 16 желтоқсан Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймын! Тәуелсіздік- ата бабамыздың сан ғасырлық арман-тілегінің орындалуы, ел бірлігі мен тұтастығының бейбіт өмір мен жарқын болашақтың берік тұғыры. Осы жылдар ішінде мемлекетіміз қалыптасып, экономикамыз нығайып, мәдениетіміз бен руғани құндылықтарымыз жаңғыра түсті. Бүгінгі жетістіктеріміз - ел үшін аянбай еңбек етіп жүрген әрбір азаматтың мандай терінің нәтижесі. Саяқ кентінің өсіп-өркендеуі тұғырлы, бірлігіміз бекем болсын! Әр шаңыраққа амандық, бақ-береке, денсаулық пен табыс тілеймін! Еліміз тыныш, көк байрағымыз әрдайым биікте желбірей берсін.
Тәуелсіздік күні құтты болсын!
Ізгі тілекпен. Саяқ кенті әкімі Кудайберлин Н.Б.