
🌿 ӘЛИХАН БӨКЕЙХАН АУДАНЫНЫҢ ҚҰРМЕТТІ ТҰРҒЫНДАРЫ! 🌿
📣 2026 жылғы 15 сәуірден бастап «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында «Үздік аула» конкурсы басталады!
✨ Бұл – бастама көтеріп, көршілермен бірлесіп, туған қаламызды көркейтуге өз үлесіңізді қосуға тамаша мүмкіндік.
🤝 Барша тұрғындарды белсенді қатысуға шақырамыз! Бірге ауданымызды таза, жайлы әрі көрікті етейік!
🔍 Конкурс екі номинация бойынша өткізіледі:
1️⃣ Көпқабатты тұрғын үйдің ауласы (КТҮ)
2️⃣ Жеке сектор көшесі
🏢 Бағалау критерийлері (КТҮ):
✅ Үйді басқару нысанының болуы (ОСИ, ПТ, ЖШС, ЖК, ПИК)
✅ Тұрғындардың абаттандыру және көгалдандыруға белсенді қатысуы
✅ Гүлзарлар, гүл бақтары және күтімі жақсы жасыл аймақтардың болуы
✅ Кіреберістердегі жарықтандырудың жарамды болуы
✅ Балалар және спорт алаңдарының, орындықтардың, қоқыс жәшіктерінің және шағын сәулеттік нысандардың жағдайы
✅ Подъездер мен жертөле орындарының тазалығы
🏡 Бағалау критерийлері (жеке сектор):
✅ Қоқыс шығаратын ұйыммен жасалған келісімшарттардың болуы
✅ Қатты тұрмыстық қалдықтарға арналған контейнерлердің болуы және жағдайы
✅ Үй маңындағы аумақтың тазалығы
✅ Қоршаулар мен үйлердің қасбеттерінің эстетикалық жағдайы
🏆 Конкурс жеңімпаздары:
🥇 1, 2 және 3 орын — бағалы сыйлықтар
📅 Конкурс өткізу мерзімі:
2026 жылғы 15 сәуір мен 31 мамыр аралығы
📞 Сұрақтар бойынша және өтінім беру үшін телефон: 37-08-19
💚 Әлихан Бөкейхан ауданын тазалықтың, жайлылықтың және бірліктің үлгісіне бірге айналдырайық!