«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ Қарағанды облысы бойынша филиалы электрондық кезек талондарын алдын ала брондау жөніндегі пилоттық жобаның іске қосылғаны туралы хабарлайды. Жоба 2025 жылдың 5 қарашасынан бастап Балхаш қаласының Халыққа қызмет көрсету орталығында жұмыс істей бастайды.
Жаңа сервис азаматтарға ХҚКО-ға барудың қажетті күні мен уақытын алдын ала таңдауға мүмкіндік береді. Пайдаланушыларға ыңғайлы болу үшін брондаудың бірнеше тәсілдері бар: "ХҚКО" мобильдік қосымшасы арқылы және электрондық үкімет порталында. Сәтті брондаудан кейін өтініш беруші жазбаны растайтын 1414 нөмірінен SMS хабарлама алады.
Айта кетейік, дайын құжаттарды беру және өзіне-өзі қызмет көрсету секторының қызметтері алдын ала жазылусыз ұсынылатын болады, бұл осы қызметтердің барлық азаматтар үшін қолжетімділігін сақтайды.
"ХҚКО" мобильді қосымшасын пайдалану үшін пайдаланушыларға ЖСН және телефон нөмірі бойынша авторизациядан өту қажет. Қолданбаны App Store және Google Play қосымшасынан жүктеуге болады.
Пилоттық жобаны енгізу жаңа брондау жүйесінің ыңғайлылығы мен тиімділігін бағалауға бағытталған, сондай-ақ функционалдылықты ықтимал кеңейту алдында қажетті жақсартуларды одан әрі енгізуге мүмкіндік береді.