
Республика күні қарсаңында мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында Семей ядролық сынақ полигонынан зардап шеккен белгілі суретші, қоғам қайраткері Карипбек Куюковпен кездесу ұйымдастырылды.
Іс-шара Қарағанды облыстық Әскери-техникалық мектебінде өтті. Кездесуге Әлихан Бөкейхан және Қазыбек би аудандарының ардагерлер кеңесінің өкілдері қатысты.
Шара барысында сарбаздар күйлер мен патриоттық әндер орындап, қатысушыларға ерекше рух пен бірлік сезімін сыйлады. Өз сөзінде Карипбек Куюков өмірінің күрделі кезеңдері туралы айта отырып, қиындықтарға қарамастан, өнер мен ядролық қарудан азат әлемге деген ұмтылыстың маңыздылығын атап өтті.
Кездесу жылы әрі шабытты атмосферада өтіп, қатысушылардың жүрегінде терең әсер қалдырды.