Аудан әкімі А.Аманжоловтың төрағалығымен, кезекті жоспарланған аудан әкімдігі жанындағы сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу жөніндегі комиссия отырысы өтті.
Отырысқа кент, ауыл, ауылдық округ әкімдері, мекеме мен бөлім басшылары қатысты.
Күн тәртібінде аудандық комиссиялардың (тәртіптік, конкурстық, еңбек өтілін есептеу) қызметі туралы, мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі қағидаларының сақтаудағы қызметі туралы, мемлекеттік сатып алу саласында орын алатын сыбайлас жемқорлық қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу және жолын кесуде қабылданған шаралар туралы, сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне әкелуі мүмкін бюджетті жоспарлау және орындау кезінде туындайтын кемшіліктер туралы ақпарлар тыңдалды.
Комиссия төрағасы тиісті лауазым иелеріне сыбайлас жемқорлықтың алдын алу профилактикалық шараларын жүргізу, заңдылығын сақтау, бюджет қаржысын игеру сыбайлас жемқорлық фактілерін алдын алуда жүйелі жұмыс жүргізуді тапсырды.