Аудан әкімінің міндетін атқарушы С.Амралиннің төрағалығымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі отырыс өтті. Отырысқа кент, ауыл, ауылдық округ әкімдері, мекеме, бөлім басшылары қатысты. Күн тәртібінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру туралы, жемқорлықтың алдын алу туралы қаралды.
Аудан басшысының міндетін атқарушы тиісті лауазым иелеріне барлық сыбайлас жемқорлықтың көріністеріне қарсы тұруға, оған тап болған жағдайда іс-қимыл тәртібін, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық үшін жауапкершілікті түсіндіріп, бюджет қаражатын тиімді пайдалану, мемлекеттік мүлікті, қызметтік автокөлікті мақсатына сай пайдалануды тапсырды.