Ақтоғай аудандық Қоғамдық кеңесінің кезекті (III) отырысы

Ақтоғай  аудандық  Қоғамдық кеңесінің кезекті (III) отырысы

Ақтоғай  аудандық  Қоғамдық кеңесінің кезекті (III) отырысы 2023 жылдың 26 қыркүйегінде Ақтоғай ауданы әкімдігінде өтті. Отырысқа ауыл тұрғындары мен қоғам белсенділері, ауыл, кент, ауылдық округ әкімдері, аудандық мәслихат депутаттары қатысты.

Күн тәртібінде:

 

  1. Ақтоғай ауданы әкімінің өзіне жүктелген функциялары мен міндеттерін орындауда ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының 2023 жылдың 8 айының қорытындылары туралы есебі.  
  2.  Шашубай, Сарышаған кенті әкімдерінің өзіне жүктелген функциялары мен міндеттерін орындаудағы атқарған жұмыстары туралы.
  3. «Аудан көлемінде жол, құрылыс, инфрақұрылымдар жүйесі, абаттандыру бағытындағы атқарылған жұмыстардың сапалы аяқталуы және «Мемлекеттік сатып алу туралы» заңдылықтарының орындалу барысы мен алда тұрған міндеттер туралы.   
  4. Ауданның жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімінің «Аудан көлемінде жерді қорғау мен мақсатсыз пайдаланылмай жатқан жерлерді мемлекетке қайтару бағытында және жер беру жөніндегі аудандық комиссияның 2023 жыл басынан бері атқарылып жатқан жұмыстар туралы», көрсетілетін мемлекеттік қызметтері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытындағы жұмыстары туралы мәселелері қаралып талқыланды.