Құрылысшылар күні құтты болсын!

Құрылысшылар күні құтты болсын!

Құрметті құрылыс саласының қызметкерлері!
Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Құрылысшылар күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Құрылысшы – қоғам өміріндегі маңызды мамандықтардың бірі, әрі бірегейі. Ауыл мен қаланың көркеюіне тікелей үлес қосатын, халықты әлеуметтік нысандармен қамтып, зәулім ғимараттар салатын – Сіздерсіздер.
Сіздердің адал еңбектеріңіздің арқасында ауданымыз көркейіп, түрленуде. Жыл сайын аудан тұрғындарының жаңа үйде қоныс тойын тойлауы – Сіздердің жемісті жұмыстарыңыздың нәтижесі. Бұл – біздің республиканың басты мерекелерінің бірі. Осы уақыт ішінде еліміз барлық салада, соның ішінде құрылыста жемісті жетістіктерге жетті. Құрылыс индустриясы – қазіргі сындарлы кезеңде де Қазақстан экономикасының негізгі іргетасы болып саналады. Жалпы, кез келген мемлекеттің экономикалық күш-қуаты мен әлеуметтік тұрақтылығы құрылыс саласының дамуына тікелей байланысты.
Осынау мереке қарсаңында Сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, еңбекте табыс, кәсіби табандылық тілеймін.
******
Құрметпен Ақтоғай аудан әкімі Р.А.Кенжебеков