Мемлекеттік қызметші күні

Мемлекеттік қызметші күні

Құрметті мемлекеттік қызметкерлер!

Қадірлі Әріптестер!

Сіздерді 23 маусым – Мемлекеттік қызметшілер күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Ұлт мәртебесін көтеретін, ел абыройын асқақтататын мемлекеттік қызметкер болу – мәртебелі міндет.

Халқымызда «Билігі мықты елдің – тірлігі құтты болады» деген дана сөз бар. Мемлекеттік қызметшінің басты міндеті - Отаны мен халқына адал қызмет ету.

Ауданымыздың әлеуметтік және экономикалық тұрғыдан алға басуы жолында қызмет етіп жатқан азаматтарды мерекелерімен құттықтай отырып, зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, халыққа қызмет ету жолындағы адал еңбектеріңізге сәттілік тілеймін!