Қуаныш елді мекенінің тұрғындарымен кездесу

Қуаныш елді мекенінің тұрғындарымен кездесу

Бүгін аудан әкімі Руслан Кенжебеков Қараменде би ауылдық округіне қарасты Қуаныш елді мекенінің тұрғындарымен кездесті.

Биыл аталған ауылда таза ауыз су құбыры желілері құрылысы аяқталып, тұрғандарға берілмек, сондай-ақ елді мекенге балалар ойын алаңын орнату үшін бюджеттен қаржы бөлінген. Мектептегі оқушылар санын арттыру үшін, отбасыларды көшіріп  әкелу жұмыстары тұрғындар тарапынан қолға алынып, жұмыстар ұйымдастырылуда.

Кездесу барысында аудан әкімі көтерілген мәселелер бойынша тұрғындарға нақты шешу жолдарын айтып, тиісті жұмыстар жүргізілетіндігін жеткізді.