Мәдениет және өнер қызметкерлері күні!

Мәдениет және өнер қызметкерлері күні!

Құрметті, өнер ардагерлері және шығармашылық одақ өкілдері!

Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз-Мәдениет және өнер қызметкерлері күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Осынау айтулы күні мәдениет және өнер мекемелерінің, мұражайлар мен кітапханалардың, халық шығармашылығы мен мәдениет үйлерінің қызметкерлеріне ыстық ілтипатымызды білдіреміз.

Егемен еліміздің мәдени-рухани өркендеуіне өз үлесін қосып, жас ұрпақты отансүйгіштікке, ынтымақ пен бірлікке тәрбиелеп отырған киелі - Ақтоғай ауданының өнері мен мәдениетін және халық театрын барша тұрғындарға танытып, биік тұғырдан көрсетіп жүрген шығармашылық маман өкілдеріне шын көңілден алғысымды білдіремін! Сіздердің мәдениеттің қайнарын сусындатып, ел мәдениеті даму жолындағы еңбектеріңіз орасан. Өнерді құрметтеп, мәдениетті дамыту-барлығымыздың ортақ мақсатымыз!

Қадірлі жерлестер!

Кәсіби мереке күні баршаңыздың дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық, еңбектеріңізге шығармашылық табыс тілеймін!

Сіздерді құрметтейміз, сыйлаймыз, жақсы көреміз.

Мәдениетіміз бен өнеріміз өркендей берсін!

Құрметпен, аудан әкімі Р.Кенжебеков