Аудан әкімі Руслан Кенжебеков іс-сапармен ауданға қарасты Шашубай кентінде болып, бірқатар әлеуметтік нысандарды аралады. Руслан Айтыкенұлының бұл жұмыс сапары кезінде алғаш ат басын бұрған нысаны «Шашубай кентіндегі мектеп бөбекжай» кешені» базасындағы Тірек мектебіне және «Балдырған» балабақшасы болды. Өңір басшысы білім ошақтарының жай-күйін бағамдап, материалдық-техникалық базасымен танысты. Талапты да талантты шәкірттер тәрбиелеп, аймақ мектептері арасындағы білім бәйгелерінде бәсі жоғары бірегей білім ордасының тыныс-тіршілігімен мектеп директоры Айман Түкбаева баяндады. Жалпы өңірдегі халық көп шоғырланған іргелі елді-мекендегі аталмыш бөбекжайда 2-5 жас аралығында 86 бүлдіршін тәрбиеленіп отыр. Одан әрі кенттегі орталықтандырылған жылу қазандықтарындағы жағдайды бақылап, Ақбергенов көшесіндегі 100 пәтерлік 5 қабатты үйдің құрылыс жұмыстарының барысын көрді. Күрделі жөндеуден өтіп жатқан ғимараттың барлық талаптарға сай болуы қажеттігін баса назарға алуды тапсырды. Мұнан соң өңір басшысы балалар және жасөспірімдер спорт мектебінде болды. Жас спортшылармен кездескен аудан әкімі халықтың денсаулығын жақсарту, салауатты өмір салтын қалыптастыру бүгінгі күндегі өзекті мәселенің бірі екенін айтты. ​ ––Спорт – денсаулық кепілі десек, спорттағы жетістіктер – ел мерейін өсіретін, азаматтық намыс пен жігерін шыңдап, даңқын арттыратын тынымсыз еңбектің жемісі. Мұндай жеңістер қажырлы күшпен келеді, - деді кездесуде Руслан Кенжебеков. Бұдан кейін, кенттегі дәрігерлік амбулаторияның жұмысы зерделенді. Емханаға өткен жылы бюджеттен 80 млн теңге қаржы қаралып күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілген. Ауданның бас дәрігері Елдос Джумажановтың ақпарына сүйенсек дәрігерлік амбулатория ғимаратының іші заман талабына сай жөндеуден өтіп, қажетті құрал-жабдықтармен толықтай жабдықталған. Сонымен бірге шатыры, жаңадан ​ желдету жүйесі жасалынып, модульдік жылу қазандығы орнатылған. Аудан басшысының жұмыс сапары одан әрі өз жалғасын таппақ.