Шашубай кенті мәдениет үйінде аудан әкімі Руслан Кенжебеков кент тұрғындарымен кездесу өткізіп, халықтың талап-тілектерін тыңдады. Жиын барысында тұрғындар елді мекеннің инфрақұрылымдық жағдайы, тұрғын үй, жер, жеке үйлердің орталық жылу қазандығына қосылуы, кәсіпкерлік, әлеуметтік мәселелер жөнінде ұсыныс-пікірлерін айтты. Тұрғындар көтерген түйінді түйіткілдер атқарушы органның назарында екенін жеткізген аудан басшысы кезең кезеңімен іске асатынын айтып, бірқатар сала басшыларына тапсырмалар жүктеді.