Қадірлі жерлестер! Үш арыстың кіндік қаны тамған, қасиетті Ақтоғай жері менің де туған жерім. Кәмелеттік жасқа толған шағымда белімді бекем буып, үлкендердің батасымен туған жерден қанат қағып менде білімімді, біліктілігімді толықтыру мақсатында қалаға қатарластарыммен бірге аттанған азаматтардың бірі едім. Өмірлік тәжірибе мені үлкен белестерге жетеледі, қырандай қанатымды қақтырып, биіктерге самғатты. Халыққа қажырмен жұмыс жасаудың сатыларынан өткерді, шыңдады. Міне санаулы күндерден бері «Туған жерге туың тік» демекші, облыс әкімінің сенім білдіруімен, өңіріміздің халық қалаулыларының қолдауымен аудан әкімі қызметіне кірістім. Өңір басшылығының өзіндік жүгі бар, ал туған жерге қызмет жасаудың жауапкершілігі өте зор. Сондықтанда тәжірибемді жинақтап, елге деген патриоттық сезіммен, маған жүктелген мемлекеттік қызметті, білімім мен біліктілігімді салып адал қызмет жасауға кірісудемін. Ол үшін әрине алғашқы кезекте қадірлі жерлестерім Сіздердің қолдауларыңыз аса маңызды. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл»,-дейді. Біз бірлесіп «бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып» жұмыс жасасақ, біз аспайтын асу, алмайтын қамал жоқ,-деп ойлаймын. Үлкендеріміз ақ батасын беріп жатса, жастарымыз білекті сыбанып, ел іргесінің берік, ауыл түтінінің дұрыс шығуына қолдаушы болса, болашағымыз жарқын болмақ. Ендеше «алыптың қуаты халықта, халықтың қуаты бірлікте» демекші, Жаңа Қазақстанның жаңару жолына, Әділетті Қазақстанның өркендеу жолында бірлесіп жұмыс жасауға шақырамын. Ардақты ағайын! Мен үшін даласы дархан, рухы асқақ халқымыздың бірлігі, елдігі, ауылымыздың өсуі, өркендеуі бәрінен қымбат. Құрметпен , Ақтоғай ауданының әкімі Руслан Айтыкенұлы

Қадірлі жерлестер!

  Үш арыстың кіндік қаны тамған, қасиетті Ақтоғай жері менің де туған жерім. Кәмелеттік жасқа толған шағымда  белімді бекем буып, үлкендердің батасымен туған жерден қанат қағып менде  білімімді, біліктілігімді толықтыру мақсатында қалаға қатарластарыммен бірге аттанған азаматтардың бірі едім.

Өмірлік тәжірибе мені үлкен белестерге жетеледі, қырандай қанатымды қақтырып, биіктерге самғатты. Халыққа қажырмен жұмыс жасаудың сатыларынан өткерді, шыңдады. Міне санаулы күндерден бері «Туған жерге туың  тік» демекші, облыс әкімінің сенім білдіруімен, өңіріміздің халық қалаулыларының қолдауымен аудан әкімі қызметіне кірістім.

Өңір басшылығының өзіндік жүгі бар, ал туған жерге қызмет жасаудың жауапкершілігі өте  зор. Сондықтанда  тәжірибемді жинақтап, елге деген патриоттық  сезіммен, маған жүктелген мемлекеттік қызметті,  білімім мен біліктілігімді салып адал қызмет жасауға кірісудемін. Ол үшін әрине алғашқы кезекте  қадірлі жерлестерім Сіздердің қолдауларыңыз аса маңызды.

«Жұмыла көтерген жүк жеңіл»,-дейді. Біз бірлесіп «бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып» жұмыс жасасақ, біз аспайтын асу, алмайтын қамал жоқ,-деп ойлаймын. Үлкендеріміз ақ батасын беріп жатса, жастарымыз білекті сыбанып, ел іргесінің берік, ауыл түтінінің дұрыс шығуына  қолдаушы болса, болашағымыз жарқын болмақ.

Ендеше «алыптың қуаты халықта, халықтың қуаты бірлікте» демекші, Жаңа Қазақстанның жаңару жолына, Әділетті Қазақстанның өркендеу жолында бірлесіп жұмыс жасауға шақырамын.

Ардақты ағайын!

Мен үшін даласы дархан, рухы асқақ халқымыздың бірлігі, елдігі, ауылымыздың  өсуі, өркендеуі бәрінен қымбат.

Құрметпен , Ақтоғай ауданының әкімі

Руслан Айтыкенұлы