К. Байсейітова атындағы тірек мектебінде «Ауылдық жердегі тірек мектептердің әлеуетін дамыту» жобасы аясында атқарылған жұмыстар бойынша таныстырылым өтті.

Іс-шараға Білім беруді тұрақты дамыту қорының директоры Д.С. Тоқтарбаев, "Қазақстан Халқына" қорының ресми өкілі Д. Б. Бейсенбек, Aitas Холдингінің әлеуметтік бағдарламалар жөніндегі вице-президенті К.В.Верба, Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Е.Ш.Әліқұлов қатысты.
Бұл жоба "Рowered by NIS ауыл мектебі" білім беру бағдарламасы аясында жүзеге асырылуда. Жоба демеушілері "Қазақстан Халқына" қоры, Beeline Қазақстан және Aitas холдингі болып табылады. Жобаның бас серіктесі жобаның академиялық бөлігін өзіне алған "Назарбаев Зияткерлік мектептері" ДББҰ болып табылады.
Жоба аясында мектептің материалдық-техникалық базасы толығымен жаңартылды. Пәндер мен бағыттар бойынша 24 оқу кабинеттермен бірге мектепте қосымша білім беру STEM зертханасы, Арт-студия, шеберханалар жабдықталды.