"Конституциялық сайлау және таңдау құқығы"

"Конституциялық сайлау және таңдау құқығы"

Сайлауға қатысу әркімнің ерік білдіру бостандығы болып табылады. Сонымен қатар сайлауға қатысу кез келген азаматтың азаматтық борышы. Әрбір мемлекет сайлауға азаматтардың басым көпшілігінің қатысуына жағдай туғызады. Сайлауға қатысу — азаматтардың бейкам бақылаушы емес, өз елі үшін жаны ауыратындығының көрсеткіші. 

Сайлауда әркімнің даусы ерекше маңызды. Кез келген адам өзінің бүгінгі күнгі нақты өмірі арқылы болашаққа ыкпал етеді. Болашақ кез келген адамның бүгінгі жасаған таңдауы арқылы айқындалады. Адамдардың дауыстары жинақталады, ал басым көпшіліктің дауысын иеленген кандидат немесе саяси партия елдің болашақтағы дамуын айқындайды. Сайлаудың маңыздылығы және сайлаудағы әрбір дауыстың маңыздылығы да, міне, осында. 

Демократиялық қоғамның кез келген саналы азаматы өзінің белсенді сайлау құқығын тек қана құқығы ретінде емес, міндетім деп қабылдауы қажет. Кімді сайлау керектігін айқындау үшін саяси сауатты болуы керек, айналамызда болып жатқан оқиғалардан, саяси партиялардың және олардың жетекшілерінің іс-әрекеттерінен, көзқарастарынан хабардар болу керек.

Жалпыга бірдей сайлау құқығы — республиканың он сегіз жасқа толған азаматтары тегіне, әлеуметтік, лауазымының және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, діни көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне немесе кез келген өзге жағдаяттарына қарамастан сайлауға дауыс беруге қатысуға, Президент, Парламент немесе мәслихат депутаты, ауылдық округ, кент және ауыл әкімдерін жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшесі ретінде сайлануға құқылы дегенді білдіреді.

Біздің ойымызша, жастарды тек қана бар нәрселердің біреуін ғана таңдау керек деген ойдан алшақтату керек. Таңдау ол тек қана бір ғана қызметтің айналасында ғана жасалмайды, ол адамның өзінің өмірлік позициясын таңдауы: адам достарды, жұмысты, қарым - қатынас түрлерін, өзін-өзі көрсету жолдарын таңдайды. Азаматтық қоғамда адам өз үкіметін таңдайды. Таңдау жасай алатын адамды ғана азамат әрі тұлға деп атай аламыз.

Сарапшылар жастардың электралды белсенділігіне байланысты сұрақтарға жауап бере отырып, саяси мінез-құлыққа әсер ететін жастардың сайлауға қатысуының екі түрлі дәлелін көрсетеді. Біріншіден, бұл прагматикалық дәлелдемелер. Бұл мінез-құлық дәлелінің мақсаты, өз жағдайларын қоғамдық институттарға әсер ете отырып жақсарту. Ал екінші дәлел ол идеологиялық. Мұнда жастардың бойын олар өмірін қиюға дайын идея билейді.

Жастарды сайлауға қатысуға шақырудың ең көп тараған екі түрін ажыратуға болады: ауызша және жазбаша.

Жазбаша формасы кітапханада жұмыс жасау, әртүрлі әдебиеттерді оқу, кең таралған саяси әдебиетті оқу сияқты тәсілдермен айқындалады, яғни біз жазбаша және электронды құралдармен жұмыс жасаймыз. Ауызша форманы біз есту мүшесi арқылы қабылдау, теледидар көру, радионы тыңдау, алуан түрлi талқылауларға қатысу т.б. арқылы бiлдiреміз.

Әрине, сөз жоқ, бірінші кезектегі шаралар жас адамдардың құқықтық санасына бағытталуы керек: бұл қоғамның электоралді белсенділігі олардың құқықтық мәдениетінің төмендігін көрсетеді, сондықтан олардың сапалы және түбегейлі жоғарылату керек.