Жаңа жыл келерде адамдардың бір-біріне жақсылық тілеп, ізгі ниет білдіруі – жарасымды дүние. Осы орайда, аудан әкімі Салтанат Әбеуова, Ақтоғай ауылының әкімі Қайыр Болғанбаев мереке қарсаңында 70 жасқа толып отырған қазыналы қарттардың шаңырағына арнайы барып, Жаңа жыл мерекесімен құттықтады. Еңбек ардагерлерінің үйіне бас сұқққан аудан әкімі ізгі лебізін білдірді. Ол өз сөзінде еліміздің бүгінгі бейбіт заманда жеткен жетістіктері еңбек ардагерлерінің өлшеусіз ерен еңбегінің арқасында келгенін жеткізіп, олардың өмір жолдары жас ұрпаққа үлгі екендігіне тоқталды. Бұл күні аудан басшысы Ақтоғай ауылының тұрғындары Құрал Үйсінбаев, Маруа Мағауиналардың шаңырақтарында болып, бүкіл өмірін қажырлы еңбекке арнаған қарттарға құрмет көрсетіп, мерекелік сыйлықтар тарту етті.

Жаңа жыл келерде адамдардың бір-біріне жақсылық тілеп, ізгі ниет білдіруі – жарасымды дүние. Осы орайда, аудан әкімі Салтанат Әбеуова, Ақтоғай ауылының әкімі Қайыр Болғанбаев мереке қарсаңында 70 жасқа толып отырған қазыналы қарттардың шаңырағына арнайы барып, Жаңа жыл мерекесімен құттықтады.

Еңбек ардагерлерінің үйіне бас сұқққан аудан әкімі ізгі лебізін білдірді. Ол өз сөзінде еліміздің бүгінгі бейбіт заманда жеткен жетістіктері еңбек ардагерлерінің өлшеусіз ерен еңбегінің арқасында келгенін жеткізіп, олардың өмір жолдары жас ұрпаққа үлгі екендігіне тоқталды. Бұл күні аудан басшысы Ақтоғай ауылының тұрғындары Құрал Үйсінбаев, Маруа Мағауиналардың шаңырақтарында болып, бүкіл өмірін қажырлы еңбекке арнаған қарттарға құрмет көрсетіп, мерекелік сыйлықтар тарту етті.