Тәуелсіздіктің 30 жылдық мерейтойына орай, аудандық мәдениет үйінде дәстүрлі жиын өтті. Мерекелік шараны ашқан аудан әкімі Салтанат Әбеуова жиналған жұртшылықты құттықтады. –Тәуелсіздік – азаттық аңсаған ата-бабаларымыздың арманы мен асқақ рухының жемісі. Осы бір ауызсөздің астарында ғасырлар бойы егемендікке ұмтылған ерлеріміздің ерен еңбектері мен есімдері тұр. Кешегі Керей мен Жәнібектіңбар қазақты бір тудың астына жинап, кереге керуі азаттыққа деген алғашқы қадам болатын. Содан бастап Алтай мен Атыраудың арасындағы ұлан ғайыр ұлы даланы жылқының жалын жастанып, білектің күші, найзаның ұшымен қорғаған баһадүр бабалардың есімі қай тарих тасын төңкерсеңде сайындаланың төсінде алтын әріппен жазулы тұр. Арысы Алашорда қайраткерлері мен кешегі желтоқсанның ызғарлы желіне қасқайып қарсы тұрған боздақтардың ащы терімен келген тәтті сый бұл. Сонысымен де бұл мереке біздер үшін қадірлі де қымбат, - деген өңір басшысы бір топ азаматқа «Қазақстан Тәуелсіздігіне 30 жыл» мерекелік медалін, облыс, аудан әкімінің Құрмет грамотасы, Алғыс хатын және «Nur Otan» партиясы Қарағанды облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасарының Алғыс хатын табыстады. Сонымен қатар облыстық білім басқармасының Алғыс хатымен, «Ардагерлер ұйымы» РҚБ Қарағанды облыстық кеңесінің Құрмет грамотасымен, ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы қоғамдық бірлестігінің «Елеулі еңбегі үшін» медалі, ІІІ дәрежелі «Еңбек Даңқы» белгісімен әр салада табысты еңбек етіп жүрген бірқатар сала қызметкерлері марапатталды. Мұнан соң, аймағымыздың әлеуметтік-экономикалық дамуына сүбелі үлес қосып, өз кәсібін жете меңгеріп, еселі еңбегімен жетістіктерге жеткен бір топ сала мамандарына «Үздік мамандық иелері - 2021» номинациясы берлді. Оларға аудан әкімінің арнайы сертификаты (100 мың теңге) мен жыл үздігі төсбелгісі табысталды. Сондай-ақ, шара барысында ҚР еңбек сіңірген қайраткерлері А.Жұмашев, К.Нұрлановқа және дзюдо, самбо және қазақша күрестен халықаралық дәрежедегі спорт шебері Р.Кенжебековке "Ауданның құрметті азаматы" атағы берілді. Мерекелік шара барысында аудандық археологиялық-этнографиялық мұражайы, өнер мектебі, орталық кітапхана қызметкерлері дайындаған көрме көпшілік назарына ұсынылды. Көрмеге Тәуелсіздік жылдарында еліміздің, ауданның жетістіктері бейнеленген туындылар қойылды. Кеш соңы аудандық мәдени бос уақыт өткізу орталығы өнерпаздарының концерттік бағдарламасына ұласты.

Тәуелсіздіктің 30 жылдық мерейтойына орай, аудандық мәдениет үйінде дәстүрлі жиын өтті. Мерекелік шараны ашқан аудан әкімі Салтанат Әбеуова жиналған жұртшылықты құттықтады.
–Тәуелсіздік – азаттық аңсаған ата-бабаларымыздың арманы мен асқақ рухының жемісі. Осы бір ауызсөздің астарында ғасырлар бойы егемендікке ұмтылған ерлеріміздің ерен еңбектері мен есімдері тұр. Кешегі Керей мен Жәнібектіңбар қазақты бір тудың астына жинап, кереге керуі азаттыққа деген алғашқы қадам болатын. Содан бастап Алтай мен Атыраудың арасындағы ұлан ғайыр ұлы даланы жылқының жалын жастанып, білектің күші, найзаның ұшымен қорғаған баһадүр бабалардың есімі қай тарих тасын төңкерсеңде сайындаланың төсінде алтын әріппен жазулы тұр. Арысы Алашорда қайраткерлері мен кешегі желтоқсанның ызғарлы желіне қасқайып қарсы тұрған боздақтардың ащы терімен келген тәтті сый бұл. Сонысымен де бұл мереке біздер үшін қадірлі де қымбат, - деген өңір басшысы бір топ азаматқа «Қазақстан Тәуелсіздігіне 30 жыл» мерекелік медалін, облыс, аудан әкімінің Құрмет грамотасы, Алғыс хатын және «Nur Otan» партиясы Қарағанды облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасарының Алғыс хатын табыстады.
Сонымен қатар облыстық білім басқармасының Алғыс хатымен, «Ардагерлер ұйымы» РҚБ Қарағанды облыстық кеңесінің Құрмет грамотасымен, ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы қоғамдық бірлестігінің «Елеулі еңбегі үшін» медалі, ІІІ дәрежелі «Еңбек Даңқы» белгісімен әр салада табысты еңбек етіп жүрген бірқатар сала қызметкерлері марапатталды.
Мұнан соң, аймағымыздың әлеуметтік-экономикалық дамуына сүбелі үлес қосып, өз кәсібін жете меңгеріп, еселі еңбегімен жетістіктерге жеткен бір топ сала мамандарына «Үздік мамандық иелері - 2021» номинациясы берлді. Оларға аудан әкімінің арнайы сертификаты (100 мың теңге) мен жыл үздігі төсбелгісі табысталды. Сондай-ақ, шара барысында ҚР еңбек сіңірген қайраткерлері А.Жұмашев, К.Нұрлановқа және дзюдо, самбо және қазақша күрестен халықаралық дәрежедегі спорт шебері Р.Кенжебековке "Ауданның құрметті азаматы" атағы берілді.
Мерекелік шара барысында аудандық археологиялық-этнографиялық мұражайы, өнер мектебі, орталық кітапхана қызметкерлері дайындаған көрме көпшілік назарына ұсынылды. Көрмеге Тәуелсіздік жылдарында еліміздің, ауданның жетістіктері бейнеленген туындылар қойылды. Кеш соңы аудандық мәдени бос уақыт өткізу орталығы өнерпаздарының концерттік бағдарламасына ұласты.