ПҚазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Ақтоғай ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан зор үлесі үшін «Үздік мамандық иелері - 2021» атағын беру ЕРЕЖЕСІго района в честь 30-летия Независимости Республики Казахстан. ПРАВИЛА

ПҚазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Ақтоғай ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан зор үлесі үшін «Үздік мамандық иелері - 2021» атағын беру  ЕРЕЖЕСІго района в честь 30-летия Независимости Республики Казахстан. ПРАВИЛА

1. Аудан әкімінің ҚР Тәуелсіздігі мерекесіне орай төмендегі «Үздік мамандық иелері» номинациялары бойынша сыйлығы мемлекеттік саясатты жүзеге асыруда, ауданның қоғамдық саяси өміріне белсене араласқан және әлеуметтік-экономикалық салаларында жемісті еңбек етіп жүрген жұмыскер, қызметкерлерді ынталандыру мақсатында тапсырылады.
2. Сыйлық өзінің жемісті еңбегімен, шығармашылық, қоғамдық және кәсіби қызметімен танылған аудан азаматтарына келесі номинациялар бойынша тағайындалады.
1. Үздік ауыл шаруашылығы саласының маманы;
2. Үздік кәсіпкер;
3. Үздік білім саласының маманы;
4. Үздік дәрігер;
5. Үздік спортшы;
6. Үздік коммуналдық сала маманы;
7. Үздік әлеуметтік сала маманы;
8. Үздік медбике;
9. Үздік мәдениет саласының қызметкері;
10. Үздік меценат
11. Үздік мемлекеттік қызметкер
12. Үздік қаржы саласының маманы
13. Үздік тәрбиеші
14. Үздік құқық саласының маманы
3. Сыйлыққа ұсынылатын адамның жеке басының адамгершілік, моральдық қасиеттері, отбасындағы және бала тәрбиесіндегі беделі, қызмет істеп отырған саласында жеткен жетістіктері, көрсеткішінің жоғары болуы, қоғамдық мәні бар елеулі іс-шараларға белсене қатысқан және демеушілік көрсеткен, еңбек етіп отырған ұжымының көзқарасымен мемлекеттік марапаттаулары еске алынады.
4. Бір үміткерді сыйлыққа қайта ұсынуға және бір атаудан артық сыйлыққа ұсынуға болмайды.
5. Сыйлыққа ұсынылғандардың құжаттарын қабылдауды, іріктеуді, талқылауды және әр номинация бойынша марапаттауларға ұсынуға ауданның ішкі саясат бөлімі жанындағы арнайы комиссия жүзеге асырады.
6. Үміткерлерді Ақтоғай ауданының жергілікті және өзге де мемлекеттік органдары, ұйымдар мен мекемелер, қоғамдық бірлестіктер ұжымдары ұсынады.
7. Сыйлыққа ұсынылған үміткерлерге қойылатын талаптар:
1) Жұмыс өтілінің 3 жылдан кем болмауы;
2) Өз мамандықтары бойынша және қызмет етіп отырған саласындағы қол жеткізген жетістіктері;
8. Сыйлыққа ұсынылған үміткерлерге қатысты тапсырылатын құжаттар:
1) Жеке куәлік немесе паспорт көшірмесі
2)Түйіндеме (резюме);
3) Ұсыныс мінездеме;
4) Фото 4х6
5)Марапаттарын растайтын құжаттардың көшірмелері, қызметіндегі жетістіктерін, көрсеткіштерін айқындайтын құжаттар (өмірі туралы фотослайд);
6) отырыстың хаттамасы;
9. Сыйлық алған тұлғаларға аудан әкімінің «Үздік мамандық иелері - 2021» сыйлығының иегері атағы беріледі, диплом мен ақшалай сыйлықтар табыс етіледі.
10. Сыйлықтар салтанатты түрде тапсырылады, марапаттау рәсімі Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күніне орай өткізіледі.
Құжаттарды 2021 жылдың 30 қарашасына дейін Ақтоғай ауданы, Ақтоғай ауылы, Ә.Бөкейхан көшесі №2 үй мекен жайы бойынша ішкі саясат бөліміне жолдау қажет. тел.2-18-56.