Ақтоғай ауданы орталығында ұлттық спорт түрлерінен ІІІ аудандық чемпионат болып өтті. Төл спортымызды төрге оздырған байрақты бәсеке ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы, Ұлт көсемі Әлихан Бөкейханның 155 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылды.

Ақтоғай ауданы орталығында ұлттық спорт түрлерінен ІІІ аудандық чемпионат болып өтті. Төл спортымызды төрге оздырған байрақты бәсеке ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы, Ұлт көсемі Әлихан Бөкейханның 155 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылды.

Ақтоғай ауданы орталығында ұлттық спорт түрлерінен ІІІ аудандық чемпионат болып өтті. Төл спортымызды төрге оздырған байрақты бәсеке ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы, Ұлт көсемі Әлихан Бөкейханның 155 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылды. Елімізде соңғы жылдары ұлттық спорт түрлері кеңінен насихатталып келеді. Бір жылдары төл спортымыз тек ұлттық мерекелерде ғана бой көрсетсе, қазір мүлде олай емес. Кейбір төл спортымыз халықаралық және әлемдік деңгейде өтетін сайыстар тізімінен бой көрсетті. Тіпті, бүгінде салтанатты шаралардан бөлек, арнайылап ұлттық спорт түрлерінен бақ сынауға арналған әр деңгейдегі турнирлер жиі ұйымдастырылуда. 19-20 қазан күндері Ақтоғай ауданы орталығында өткен ІІІ аудандық турнир соның бір дәлелі. Шырайлы шаран аудан әкімі Салтанат Әбеуова құттықтау сөзімен ашып берді. –Тәуелсіздік жылдары біздің елімізде қазақ халқының ежелгі дәстүрлері мен бірге ұлттық спорт түрлері де жаңғырды. Қазірге уақытта қазақтың ұлттық құндылықтарына назар аударылып, ұлттық спорттық ойындарды дамыту, насихаттау мақсатында ерекше басымдық беріліп келеді. Қазақ халқының рухы мен тарихын көрсететін, ұлттық ойындар осынау аудандық, облыстық турнирлер арқасында халықаралық ареналарға шығуда, - дейді аудан әкімі. Мұнан соң аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Сәкітай Сыздықов, Ақши ауылының ардагер спортшысы, ұлттық спорт жанашыры Тілеуберген Таулетов жарыстың мән маңызына тоқталып, чемпионатқа қатысушыларға сәттілік тіледі. Ат жарысы десе арқасы қозатын, көкпар десе алдындағы асын ысырып қоятын ежелден жылқының жалына жармасып, ат құлағында ойнаған қайсар қазақпыз ғой. Дәстүрге айналған аудандық чемпионаттың алғашқы күні Ақтоғай ауылының атшабар алаңында көкпар ойынымен басталды. Алғашқы айналымнан-ақ Ақши ауылының жігіттері серкені қазандыққа дөп түсіріп, есепті еселеп, Қызыларай, Үшарал ауылының көкпаршылары да қапы қалмай қарымдарын танытып, ат спортын жандандыра түсті. Нәтижесінде, Ақши ауылы бірінші орынды иеленді. Жүлделі екінші, үшінші орындарды Қызыларай, Үшарал ауылдарының жігіттері өзара бөлісті. Мұнан кейін білекті жігіттер аударыспақтан сынға түсті. Нәтижесінде 60 келі салмақ дәрежесінде Нұрсұлтан Қуанышбек (Кежек ауылы), 70 келі салмақта Дәулет Амантай (Кежек ауылы), 80 келі салмақта Абай Аманбай (Сәуле ауылы), 80 келіден жоғары салмақ дәрежесінде Нұрболат Беркімбай жеңімпаз атанды. Теңге ілу сайысында ептілігін көрсеткен қызыларайлық Ермек Оспанов бірінші орынды еншіледі. Екі күнге созылған дүбірлі дода 20 қазан күні түс ауа аламан бәйге, құнан жарыстарымен түйінделді. Құнан жарысында Саят Абдрахманов сәйгүлігі І орын иеленді. Ең қызығы, ат жарысындағы аламан бәйгенің орыны ерекше болады емес пе?! Бәйгеге қосылған 11 аттың ішінен (18 шақырымдық), босағалық Айназ Қазанболовтың пырағы (Тойбастар) мәреден бірінші болып өтті. Жарыс жеңімпаздары ауданның дене шынықтыру және спорт бөлімінің грамоталары және ақшалай сыйлықтарымен марапатталды.