Бүгін Қазақ Ұлттық аграрлық университетінің ветеринария ғылымының докторы, профессор Е.Усенбеков және ауыл шаруашылығы ғылымының кандидаты, профессор С.Мирзакуловтың қатысуымен семинар-жиналыс өтті.

Бүгін Қазақ Ұлттық  аграрлық университетінің ветеринария ғылымының докторы, профессор Е.Усенбеков және ауыл шаруашылығы ғылымының кандидаты, профессор С.Мирзакуловтың қатысуымен семинар-жиналыс өтті.

Жиынға аудан әкімі С.М.Әбеуова, аудан әкімінің орынбасары С.Қабылов, бөлім басшылары және ауыл әкімдері,шаруашылық жетекшілері қатысты. Бұл басқосудың өтуі де тектен тек емес. Себебі өңірде ауыл шаруашылығы саласы ерекше назарда.
Семинарда ауыл шаруашылығын дамыту жолдары мен мемлекеттік қолдау шаралары; жергілікті тауар өндірушілерінің тауарларын әлеуметтік дүкен арқылы өткізу; асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау тақырыптары кеңінен түсіндіріліп, тәжірибелік тұрғыдан көрсетті.
Семинарды қорытындылай келе, шаруа қожалықтарына арнайы сертификат тапсырылды.