«Үздік педагог 2021»

«Үздік педагог 2021»

Оқушының ой—санасын жетілдірудің сан сұрағымен өмір сүретін ұлағатты есім Ұстаздар мерекесі қарсаңында облыс әкімі Жеңіс Қасымбек республикалық «Үздік педагог 2021» байқауының облыстық кезеңінің 14 жеңімпазын марапаттады. Осы «Үздік педагогтың» бірі Ақтоғай ауданының Н.Әбдіров атындағы жалпы білім беретін мектептің жоғары санатты, отыз жылдан аса тәжірибесі бар, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Рахимбекова Гүлнар Оралқызы! Білікті, тәжірибелі ұстазымызды марапатымен құттықтаймыз.