Сыбайлас жемқорлық фактісіне тап болғанда не істеу керек?

Сыбайлас жемқорлық фактісіне тап болғанда не істеу керек?

Егер Сіз мемлекеттік қызметшілер тарапынан сыбайлас жемқорлық көріністеріне тап болсаңыз немесе заңсыз сыбайлас жемқорлық бұзушылықтардың ерікті куәгері болсаңыз, онда Сізге Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке) мынадай тәсілдердің бірімен жүгіну қажет:
1. Жазбаша түрде мына мекен-жай бойынша: 100000, Қарағанды қаласы, Әлиханов көшесі, 12 үй, немесе тұрғылықты жері бойынша аумақтық департаменттерге;
2. Электрондық үкімет порталының онлайн-сервисі арқылы egov.kz (электрондық цифрлық қолтаңбаның – ЭЦҚ болуы талап етіледі);
3. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің бірыңғай Сall-орталығы арқылы 1424 тегін нөмірі бойынша.