Ақтоғай ауданының аумақтық сайлау комиссиясының «2026 жылғы 23 тамызға тағайындалған Қазақстан Республикасының Құрылтайының депутаттарын сайлауды дайындау мен өткізу кезіндегі сайлау учаскелеріне мониторинг жүргізу туралы» шешіміне сәйкес, 2026 жылдың 6 тамызында арнайы мониторингтік тобы Ақтоғай ауылы орталығында орналасқан №393 сайлау учаскесіне барды

Ақтоғай ауданының аумақтық сайлау комиссиясының «2026 жылғы 23 тамызға тағайындалған Қазақстан Республикасының Құрылтайының депутаттарын сайлауды дайындау мен өткізу кезіндегі сайлау учаскелеріне мониторинг жүргізу туралы» шешіміне сәйкес, 2026 жылдың 6 тамызында арнайы мониторингтік тобы Ақтоғай ауылы орталығында орналасқан №393 сайлау учаскесіне барып, Қазақстан Республикасының Құрылтайының депутаттарын сайлау кезінде Ақтоғай ауданы бойынша дауыс беру учаскелеріне мүгедектігі бар адамдардың қоғамдық бірлестіктерінің өңірлік өкілдерін тарта отырып, мүгедектігі бар сайлаушылардың үш санаты үшін (есту, көру қабілеті бойынша және тірек-қимыл аппаратының функциялары бұзылған) ерекше жағдайларды жасауды қажет ететін, дауыс беруге арналған сайлау учаскелерінің мониторингі жүргізілді.

Осы шешімге сәйкес аталған топтың Ақтоғай ауданының аумақтық сайлау комиссиясы жанындағы топтағы мүгедек адамдардың сайлау құқықтарын қамтамасыз ету жөніндегі жұмыс тобының мүшесі Ж.Жунусбекова учаскелердің дайындық барысын егжей-тегжейлі қарап, мүгедектігі бар азаматтардың сайлау құқықтарын қамтамасыз ету жөніндегі ұсынымдарға сәйкес мүгедектігі бар адамдардың дауыс беруі үшін сайлау учаскелерінің қолжетімділігін қамтамасыз ету бойынша қажетті шараларды орындау жөнінде өздерінің сын-ескерпелері мен ұсыныстарын комисиялардың мүшелеріне жеткізді.

Бұл жұмыс әрі қарай да жалғасын таба береді.