Ақтоғай ауданында мемлекеттік органдардың ашықтығын арттыру мәселелері талқыланды

Ақтоғай ауданында мемлекеттік органдардың ашықтығын арттыру мәселелері талқыланды

Ақтоғай ауданы әкімдігінде мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор субъектілері қызметінің ашықтығын, есептілігін және тиімділігін арттыруға бағытталған іс-шара өтті.

​Аталған іс-шараның негізгі мақсаты — мемлекеттік сектор қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету бойынша кешенді шараларды талқылау және тиімді шешімдер әзірлеу, сондай-ақ қоғамдық институттармен өзара іс-қимылды одан әрі нығайту болып табылады.

​Диалог алаңы шеңберінде қатысушылар ағымдағы жұмыс процедураларына талдау жүргізді; ықтимал тәуекелдерді анықтап, алдын алу жолдарын қарастырды; озық тәжірибелермен және үздік практикалармен алмасты; жұмыс процестерін жетілдіруге, сондай-ақ заманауи цифрлық және ұйымдастырушылық құралдарды енгізуге бағытталған бірлескен ұсынымдар әзірледі.

​Іс-шара дөңгелек үстел мен диалог алаңы форматында өтіп, мемлекеттік мекемелердің халық алдындағы ашықтығын арттыруға және азаматтардың сенімін нығайтуға бағытталды.