
Байқаудың басты міндеті - еңбек адамының қоғамдағы мәртебесін арттыру, жастарды еңбекке құрметпен қарау және ұрпақтар сабақтастығын сақтау.
Конкурс жыл сайын, өңірлік және республикалық кезеңде, келесі номинациялар бойынша өткізіледі:
- «Үздік еңбек әулеті»;
- «Өндірістің үздік жас маманы»;
- «Жұмыс істейтін жастардың үздік тәлімгері».
Конкурсқа қатысушылар қағаз және электрондық жеткізгіштерде келесі материалдарды ұсынады:
1) номинация көрсетілген, еркін нысандағы конкурсқа қатысу туралы өтінішті;
2) жеке куәліктің көшірмесін;
3) номинация тақырыбы бойынша 1-2 минуттан артық емес бейнероликті (қалауы бойынша жұмыс орны және дағдылары көрсетілген);
4) конкурсант туралы (жұмысы, отбасы, қызығатын ісі, хоббиі және т.б.) 1 минуттан аспайтын компьютерлік презентация (Мicrosoft Power Point форматында);
5) еңбек әулетінің әр өкілінің немесе жұмыскердің жұмыс өтілін растайтын, жұмыс беруші куәландырған еңбек кітапшасының және өзге де құжаттардың көшірмелері (жумыс орнынан аныңтама);
6) жұмыс берушіден немесе кәсіподақтан ұсыным хат.
7) мемлекеттік немесе ведомстволық наградалардың, грамоталардың, алғыс хаттардың көшірмелері, біліктілікті арттыру туралы сертификаттар (бар болса).
Конкурс комиссиясы конкурс жеңімпаздарын келесі критерийлер бойынша іріктейді:
«Үздік еңбек әулеті» номинациясы бойынша:
🔻🔻🔻
«Өндірістің үздік жас маманы», «Жұмыс істейтін жастардың үздік тәлімгері» номинациялары бойынша:
Жоғарыда аталған критерийлердің талаптары сақталмаған жағдайда. Комиссия қатысушыларға ұсынылған материалдарды қайтара алады.
Барлық сұрақтар бойынша "Ақтоғай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" ММ-не хабарласуға болады. Байланыс тел. 8 (71037) 21042.
«Ақтоғай ауданының жұмыспен
қамту және әлеуметтік
бағдарламалар бөлімі» ММ