
Құрметті әріптестер!
Халықты «Құқық кабинеттері» және өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштарының қызметі туралы кеңінен ақпараттандыру жөніндегі тапсырмаларды іске асыру мақсатында, Сіздерден ресми интернет-ресурстарда ақпараттық материалдарды орналастыруды, сондай-ақ оларды қолжетімді байланыс арналары (теледидар, баспа басылымдары, радио және өзге де БАҚ) арқылы жариялауды ұйымдастыруларыңызды сұраймыз.
Қазіргі таңда жұмыс істеп тұрған «Құқық кабинеттері» және өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштарының жалпы саны 168 бірлікті құрайды. Ағымдағы жылдың І тоқсанында оларды 2190 азамат пайдаланған.
«Құқық кабинеттерінің» жұмыс істеу қағидаларына сәйкес, интернет желісіне қолжетімділігі бар барлық елді мекендерде өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары ұйымдастырылған. Аталған бұрыштар азаматтарға eGov, e-Otinish, «Ашық НҚА» және басқа да электрондық мемлекеттік ақпараттық жүйелер мен сервистерге еркін қол жеткізуді қамтамасыз етеді.
Қосымша хабарлаймыз, қазіргі уақытта «Заң» ақпараттық деректер базасына аудандық, қалалық және ауылдық деңгейдегі 32 мемлекеттік орган қосылған.
«Құқық кабинеттерінің» орналасқан мекенжайлары көрсетілген тізімі қоса беріледі.
Сіздерден:
– ресми интернет-ресурстарда «Құқық кабинеттерінің» мекенжайларын қоса алғанда ақпаратты орналастыруды;
– бұқаралық ақпарат құралдары арқылы халыққа жеткізуді;
– атқарылған жұмыс туралы растау ұсынуды қамтамасыз етулеріңізді сұраймыз.
Қосымша: «Құқық кабинеттерінің» мекенжайлары көрсетілген тізім.
| Департамент юстиции Карагандинской области | ||||
| Область | Район | Село | Адрес | |
| Карагандинская | Актогайский | Актогай сельский округ | Ақтоғай ауылы, Бөкейхан көшесі 4 | |
| Карагандинская | Актогайский | Село Сарытерек | Сарытерек ауылы, Парасат көшесі, 16 | |
| Карагандинская | Актогайский | Карабулакский сельский округ | Нарманбет ауылы, Құнанбаев көшесі, 1А | |
| Карагандинская | Актогайский | Кусакский сельский округ | Қошкар ауылы, Мәдениет көшесі, 13 | |
| Карагандинская | Актогайский | Тасаралский сельский округ | Тасарал ауылы, Ағыбай батыр көшесі, 11 | |
| Карагандинская | Актогайский | Кежекский сельский округ | Ақши ауылы, Бейбітшілік көшесі, 19 | |
| Карагандинская | Актогайский | Жидебайский сельский округ | Сауле ауылы, Жастар көшесі, 1 | |
| Карагандинская | Актогайский | Нуркенский сельский округ | Нүркен ауылы, жалантөс батыр көшесі, 4 | |
| Карагандинская | Актогайский | поселок Сарышаган | Сарышаған кенті, Абай көшесі, 18 | |
| Карагандинская | Актогайский | село Абай | Абай ауылы, Абай көшесі, 8 | |
| Карагандинская | Актогайский | село Қызыларай | Қызыларай ауылы, Сеңкібай көшесі, 38/2 | |
| Карагандинская | Актогайский | село Шабанбай | Шабанбай ауылы, Ә,Бөкейхан көшесі, 1 | |
| Карагандинская | Актогайский | село Қараменде | Ақтас ауылы, Еңбек көшесі, 8 | |
| Карагандинская | Актогайский | село Ортадересин | Ортадересін ауылы, Жәутіков көшесі, 20 | |
| Карагандинская | Актогайский | Поселок Шашубай | Ақбергенов көшесі 1б, №18 кабинет | |