Кезекті жоспарланған аудан әкімдігі жанындағы сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу жөніндегі комиссия отырысы өтті

Аудан әкімі А.Аманжоловтың төрағалығымен, кезекті жоспарланған аудан әкімдігі жанындағы сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу жөніндегі комиссия отырысы өтті.

Отырысқа кент, ауыл, ауылдық округ әкімдері, мекеме мен бөлім басшылары қатысты.

Күн тәртібінде объектілерді салу, жолдарды жөндеу, тұрғын үйді бөлу жөніндегі жұмыстарды орындау кезінде орын алатын сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды алдын алу және жолын кесуде қабылданған шаралар туралы, ауыл жастары арасында кәсіпкерлікті дамытуға және қолдауға арналған аудан әкімінің гратын бөлу кезінде туындайтын сыбайлас жемқорлық тәуекелдері және оларды алдын алу шаралары туралы ақпарлар тыңдалды.

Комиссия төрағасы тиісті лауазым иелеріне сыбайлас жемқорлықтың алдын алу профилактикалық шараларын жүргізу, заңдылығын сақтау, бюджет қаржысын игеру сыбайлас жемқорлық фактілерін алдын алуда жүйелі жұмыс жүргізуді тапсырды.