Кезекті жоспарланған аудан әкімдігі жанындағы сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу жөніндегі комиссия отырысы өтті

Аудан әкімі А.Аманжоловтың төрағалығымен, кезекті жоспарланған аудан әкімдігі жанындағы сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу жөніндегі комиссия отырысы өтті.

Отырысқа кент, ауыл, ауылдық округ әкімдері, мекеме мен бөлім басшылары қатысты.

Күн тәртібінде мемлекеттік-әлеуметтік тапсырыс шеңберінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтың алдын алу мен ескерту жөніндегі қолданылатын іс-шаралар  туралы және осы бағыттағы БАҚ жұмыстары, елді-мекендердегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы сипаттағы сыртқы ақпаратты (баннерлер) орналастыруды ұйымдастыру қызметі туралы,  жер телімдерін беру туралы (конкурстық негіздегі, жеке және заңды тұлғаларға жер телімдерін беру)  аудандық комиссиясын өткізу кезінде туындайтын сыбайлас жемқорлық тәуекелдері, оларды анықтау және жою мәселелері туралы ақпарлар тыңдалды.

Комиссия төрағасы тиісті лауазым иелеріне сыбайлас жемқорлықтың алдын алу профилактикалық шараларын жүргізу, заңдылығын сақтау, бюджет қаржысын игеру сыбайлас жемқорлық фактілерін алдын алуда жүйелі жұмыс жүргізуді тапсырды.