2024 жылғы 11 тамызға тағайындалған Қарағанды облысы Ақтоғай ауданы әкімін сайлауды дайындау және өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары

Ақтоғай аудандық
сайлау
комиссиясының
2024
жылғы 21 маусымдағы
19 шешіміне қосымша

2024 жылғы 11 тамызға тағайындалған
Қарағанды
облысы Ақтоғай ауданы әкімін сайлау
ды дайындау
және
өткізу жөніндегі негізгі
іс-шаралардың
КҮНТІЗБЕЛІК ЖОСПАРЫ

1. Аудандық сайлау комиссияларының шекаралары мен орналасқан жерлерін көрсете отырып, сайлау округтерінің тізімін тиісті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау. Сайтта шешім қабылданған күні орналастырылады.

 

Ақтоғай аудандық сайлау комиссиясы

Сайлау тағайындалғаннан кейін он күннен кешіктірмей – 2024 жылдың 1 шілдесінен кешіктірмей

(22 б. 2 т.)

2. Аудандық сайлау комиссиясының құрамын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

Ақтоғай аудандық сайлау комиссиясы

Сайлау тағайындалғаннан кейін он күннен кешіктірмей – 2024 жылдың 1 шілдесінен кешіктірмей

(13 б. 4 т.)

3. Учаскелік сайлау комиссияларының құрамын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

Ақтоғай аудандық сайлау комиссиясы

Сайлау тағайындалғаннан кейін он бес күннен кешіктірмей – 2024 жылғы 6 шілдесінен кешіктірмей

(17 б. 2 т.)

4. Сайлау учаскелерінің шекаралары туралы хабарламаны бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

Ақтоғай ауданы әкімінің м.а. Сайлау тағайындалғаннан кейін он бес күн мерзімде – 2024 жылғы 6 шілдесінен кешіктірмей

(23 б. 5 т.)

5. Әкімдікке кандидаттарды ұсыну.

 

Белгіленген тәртіппен тіркелген саяси партиялар және өзін-өзі ұсыну тәртібімен азаматтар

Егер сайлауды тағайындау кезінде өзгеше белгіленбесе, сайлау тағайындалған күннен кейінгі күннен басталады және сайлау өткізілетін күнге отыз күн қалғанда жергілікті уақыт бойынша сағат он сегізде аяқталады

2024 жылдың 22 маусымында басталып, 2024 жылдың 11 шілдесінде жергілікті уақыт бойынша сағат 18.00-де аяқталады

(113-3 б. 5 т.)

6. Әкімге кандидаттың «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңда (бұдан әрі - Сайлау туралы Конституциялық заң), «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы заңының 36-2-бабында және Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамасында көзделген талаптарға сәйкестігін белгілеу.

 

Ақтоғай аудандық сайлау комиссиясы уәкілетті мемлекеттік органдармен бірлесіп

(4 б. 4 т., 113-2 б.)

7. Әкімге кандидаттардың сенім білдірілген адамдарын тіркеу және оларға тиісті куәліктер беру.

 

Ақтоғай аудандық сайлау комиссиясы

Әкімге кандидаттың көзделген талаптарға сәйкестігі анықталған күннен бастап

(14 б. (8-1 тармақша), 31 б. 1,2 т.)

8. Әкім болуға өзін-өзі ұсынған кандидаттарға қолдаған қол жинау үшін қол қою парақтарын беру

 

Ақтоғай аудандық сайлау комиссиясы

Кандидаттың Конституциялық заңда, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы заңының 36-2-бабында және Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамасында көзделген талаптарға сәйкестігін тексергеннен кейін үш күн ішінде

(113-4 б)

9. Әкiм болуға кандидаттарды қолдауға жиналған қолдардың дұрыстығын тексеру және тиiстi хаттаманы рәсiмдеу

 

Ақтоғай аудандық сайлау комиссиясы құжаттандыру және паспорттар мен жеке куәліктер беру жөніндегі уәкілетті органды тарта отырып

Тиісті сайлау комиссияларына өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған азаматтардың қол қою парақтары тапсырылғаннан кейін үш күн ішінде.

(113-4 б. 8,9 т.)

10. Жергілікті атқарушы органдардың шотына республикалық бюджет туралы заңда белгіленетін және 2024 жылғы 1 қаңтарына қолданыста болатын ең төменгі жалақының бес еселенген мөлшерінде сайлау жарнасын енгізу

 

Әкiмге кандидаттар, саяси партиялар (әр ұсынылған кандидат бойынша)

Кандидаттарды тіркеуге дейін

(113-5 б. 2 т.)

11.Ұсыну мерзімі басталған айдың бірінші күніне (2024 жылғы 1 маусымға) тұрғылықты жері бойынша мемлекеттік кірістер органдарына активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны ұсыну

 

Кандидат және оның жұбайы (зайыбы)

Кандидат тіркелгенге дейін

(113-5 б. 3 т.)

12. Кандидат және оның жұбайы (жұбайы) декларациялаған активтер мен міндеттемелер туралы мәліметтердің дұрыстығын тексеру

 

Мемлекеттік кірістер органдары

Кандидат тіркелген күннен бастап бес күн ішінде

(113-5 б. 3 т.)

13. Әкім болуға кандидаттарды тіркеу және оларға тиісті куәліктер беру

 

Ақтоғай аудандық сайлау комиссиясы

Барлық қажетті құжаттарды алғаннан кейін басталады және сайлау күніне жиырма бес күн қалғанда жергілікті уақыт бойынша сағат 18.00-де аяқталады

2024 жылғы 16 шілдеде жергілікті уақытпен сағат 18.00-де аяқталады

(113-5 Б, 10,14 т.)

14.Әкімге кандидаттарды тіркеу туралы хабарламаны бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

Ақтоғай аудандық сайлау комиссиясы

Кандидаттар тіркелгеннен кейінгі бесінші күннен кешіктірмей

(113-5 б. 9 т.)

15. Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды анықтау және оларды жарақтандыру

 

Жергілікті атқарушы орган және Ақтоғай аудандық сайлау комиссиясы

Үгіт-насихат басталғанға дейін

(28 б. 6 т.)

16. Сайлау алдындағы үгітті жүргізу

 

Кандидаттарды тіркеу мерзімі аяқталған сәттен басталады және сайлау болатын күнннің алдындағы күнгі жергілікті уақыты бойынша нөл сағатта аяқталады

2024 жылдың 16 шілдесінде жергілікті уақыт бойынша сағат 18.00-ден кейін басталып, 2024 жылдың 10 тамызында жергілікті уақыт бойынша нөл сағатта аяқталады

(27 б 2 т.)

 17. Әкімге кандидаттарға сайлаушылармен кездесуі үшін үй-жайлар беру, кандидаттар мен олардың сенім білдірілген адамдарының сайлаушылармен бөлінген үй-жайларда кездесу кестесін жасау және бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

Жергілікті атқарушы орган және Ақтоғай аудандық сайлау комиссиясы

Сайлау алдындағы үгіт жүргізу кезеңінде

(28 б. 4 т.)

18. Акт бойынша әр сайлау учаскесі бойынша әкім қол қойған сайлаушылар тізімдерін учаскелік сайлау комиссиясына ұсыну

 

Ақтоғай ауданы әкімінің м.а.

Дауыс беру басталардан жиырма күн бұрын

2024 жылғы 21 шілде

(24 б. 5т .)

19. Азаматтардың тұрғылықты жері бойынша құрылған сайлау учаскелері бойынша сайлаушылар тізімдерін қарау үшін сайлаушыларға ұсыну.

 

Учаскелік сайлау комиссиялары

Дауыс беру күніне он бес күн қалғанда

2024 жылғы 26 шілде

(26 б, 1т.)

20. Дауыс беру күні, уақыты мен орны туралы сайлаушыларды хабардар ету

 

Учаскелік сайлау комиссиялары

Дауыс беру өткізілетін күнге дейін он күннен кешіктірмей 2024 жылғы 31 шілдеге дейін

18 б. (5 тармақша), 38 б. 2 т.)

21. Сайлау бюллетеньдерін дайындау. Сайлау бюллетеньдерін учаскелік сайлау комиссияларына жеткізу.

 

Ақтоғай аудандық сайлау комиссиясы

Сайлаудан ерте дегенде үш күн бұрын және сайлаудан кемінде 1 күн бұрын

2024 жылғы 8 тамыздан ерте емес және 10 тамызға дейін

(37 б. 3 т.)

22. Сайлау учаскелерін ашу және тиісті хаттама жасау

 

Учаскелік сайлау комиссиялары.

Дауыс беру басталардан бір сағат бұрын 2024 жылғы 11 тамызда жергілікті уақыт бойынша сағат 06.00-де

(40 б.1т)

23. Дауыс беруді ұйымдастыру

 

Учаскелік сайлау комиссиялары

Дауыс беру күні жергілікті уақыт бойынша сағат 07.00-ден 20.00-ге дейін

(38 б. 1 т.)

24. Сайлау учаскесінде әкім сайлауы бойынша дауыстарды санау және дауыс беру қорытындылары туралы хаттамалар жасау

 

Учаскелік сайлау комиссиялары

Жергілікті уақыт бойынша сағат 20:00-де басталады.

(18 б. (8 тармақша) 43 б.)

25. Дауыс беру нәтижелері туралы хаттама көшiрмесiн сайлау учаскесiнiң үй-жайында арнайы белгiленген орында жалпыжұрттың танысуы үшiн iлiп қою

 

Учаскелік сайлау комиссиялары

Хаттамаларға қол қойылғаннан кейін – дереу

(43 б. 8 т.)

26. Сайлау учаскелеріндегі дауыс беру нәтижелері бойынша хаттамаларды Ақтоғай аудандық сайлау комиссиясына ұсыну

 

Учаскелік сайлау комиссиялары

Хаттамаға қол қойылғаннан кейін – дереу

(113-8 б. 1 т.)

27. Әкімді сайлаудың қорытындыларын анықтауу

 

Ақтоғай аудандық сайлау комиссиясы

Сайлаудан кейін үш күн мерзімнен кешіктірмей

2024 жылғы 14 тамыздан кешіктірмей

(113-10 б. 1 т.)

28. Әкімді сайлау қорытындылары туралы хабарламаны бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

Ақтоғай аудандық сайлау комиссиясы

Сайлау өткізілген күннен бастап жеті күннен кешіктірмей

2024 жылғы 17 тамыздан кешіктірмей

(44 б.4т,3т)

29. Сайланған әкімді тіркеу, тиісті куәлікті ұсыну

 

Ақтоғай аудандық сайлау комиссиясы

Сайлау өткізілген күннен бастап жеті күн мерзімде Сайланған әкімдерден жеті күн мерзімде Конституцияға және сайлау туралы Конституциялық заңға сәйкес әкім мәртебесіне сәйкес келмейтін өз міндеттерін доғару туралы жазбаша өтініш алғаннан кейін.

2024 жылғы 17 тамыздан кешіктірмей

(45 б. , 46 б. 3 т., 113-11 б. 1 т.)

 

 

Ескерту: күнтізбелік жоспардың мәтінінде «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының нормаларына сілтемелер беріледі.

Дата публикации
21 июня 2024