Ақтоғай аудандық сайлау комиссиясының
ХАБАРЛАМАСЫ
Ақтоғай аудандық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңының 14-бабының 6) тармақшасына, 21-бабының 4-тармағына, 113-1 бабтарына сәйкес Ақтоғай аудандық сайлау комиссияның 2023 жылғы 9 тамыздағы № 28 шешіммен әкімдердің сайлауы 2023 жылдың 17 қыркүйекке тағайындалғаны туралы хабарлайды:
- Ақтоғай ауылы әкімінің;
- Жидебай ауылдық округі әкімінің;
- Қызыларай ауылдық округі әкімінің;
- Кежек ауылдық округі әкімінің;
Ауылдық округ әкімдерінің сайлауын дайындау және өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары бекітілді:
- әкімге кандидаттарды ұсыну 10 тамыздан басталып, 2023 жылғы 22 тамызда жергілікті уақыт бойынша сағат 18.00-де аяқталады.;
- әкімге кандидаттарды тіркеу 2023 жылғы 27 тамызда жергілікті уақыт бойынша сағат 18.00-де аяқталады.
Ақтоғай аудандық сайлау комиссиясы
2023 жылдың 17 қыркүйекке тағайындалған
Ақтоғай ауданы ,Ақтоғай ауылы мен Қызыларай,
Кежек, Жидебай ауылдық округтері әкімдерінің сайлауын
әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың
Күнтізбелік жоспары
1. Аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің әкімдерін (бұдан әрі – әкімдерді) сайлауды тағайындау |
|
|
Тиісті аумақтық сайлау комиссиясы - 09 тамыз 2023 жыл (113-1-б. 2,3-т.) |
2. Сайлау округтерінің тізімін, олардың шекаралары мен аумақтық сайлау комиссияларының орналасқан жерлерін көрсете отырып, тиісті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау |
|
|
Тиісті аумақтық сайлау комиссиясы Сайлау тағайындалғаннан кейін он күннен кешіктірмей – 2023 жылдың 18 тамызынан кешіктірмей (22-б.) |
3. Аумақтық сайлау комиссияларының құрамын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау |
|
|
Тиісті аумақтық сайлау комиссиялары Сайлау тағайындалғаннан кейін он күннен кешіктірмей – 2023 жылдың 18 тамызынан кешіктірмей (13-б. 4-т.) |
4. Учаскелік сайлау комиссияларының құрамын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау |
|
|
Тиісті аудандық (қалалық) сайлау комиссиялары Сайлау тағайындалғаннан кейін он бес күннен кешіктірмей – 2023 жылдың 23 тамызынан кешіктірмей (17-б. 2-т.) |
5. Сайлау учаскелерінің шекаралары туралы мәліметтерді бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау |
|
|
Тиісті әкімдер Сайлау тағайындалғаннан кейін он бес күндік мерзімде 2023 жылдың 23 тамызынан кешіктірмей (23-б. 5-т.) |
6. Әкімдікке кандидаттар ұсыну |
|
|
Белгіленген тәртіппен тіркелген саяси партиялар және өзін-өзі ұсыну тәртібімен азаматтар Егер сайлауды тағайындау кезінде өзгеше белгіленбесе, сайлау тағайындалған күннен кейінгі күннен басталады және сайлау өткізілетін күнге он бес күн қалғанда жергілікті уақытпен сағат он сегізде аяқталады. 2023 жылдың 10 тамызынан басталып 2023 жылдың 22 тамызда сағат 18:00-де аяқталады (113-3-б.1-т.) |
7. Әкімдікке кандидаттың «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында (бұдан әрі – Сайлау туралы Конституциялық Заң), «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 36-бабында және мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамада қойылатын талаптарға сәйкестігін анықтау |
|
|
Тиісті аудандық (қалалық) сайлау комиссиялары (4-б.,113-5-б. 11-т.2)т.) |
8. Әкімдікке кандидаттардың сенім білдірген адамдарын тіркеу және оларға тиісті куәліктер беру |
|
|
Тиісті аудандық (қалалық) сайлау комиссиялары Әкімдікке кандидаттың Сайлау туралы Конституциялық заңда көзделген талаптарға сәйкестігі анықталған күннен бастап (14-б. 8-1) т., 31-б.) |
9. Әкімдікке кандидаттарға өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған, қолдап қол жинауғаарналған қол қою парақтарын беру |
|
|
Тиісті аудандық (қалалық) сайлау комиссиялары Кандидаттың Конституциялық заңда, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 36-бабында және мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамада көзделген талаптарға сәйкестігін тексергеннен кейін үш күндік мерзімде (113-4-б.) |
10. Әкімдікке кандидаттарды қолдап жиналған қолдардың растығын тексеру және тиісті хаттаманы ресімдеу |
|
|
Тиісті аудандық (қалалық) сайлау комиссиялары паспорт қызметтерінің қызметкерлерін тарта отырып Қол қою парақтары тиісті сайлау комиссияларына тапсырылғаннан кейін үш күндік мерзімде (113-4-б. 7-т.) |
11. Жергілікті аткарушы органдардың шотына республикалық бюджет туралы заңда белгіленетін және 2022 жылдың 1 қаңтарына қолданыста болатын ең төменгі жалақының бір еселенген мөлшерінде сайлау жарнасын енгізуі |
|
|
Әкімдікке кандидатттар, саяси партиялар (әрбір ұсынылған кандидат үшін) Кандидат тіркелгенге дейін (113-5-б. 2-т.) |
12. Тұрғылықты жері бойынша мемлекеттік кіріс органдарына ұсыну мерзімі басталған айдың бірінші күніне активтер мен міндеттемелер туралы декларацияларды ұсыну (2023 жылдың 1 тамызда) |
|
|
Кандидат және оның жұбайы (зайыбы) Кандидат тіркелгенге дейін (113-5-б. 3-т.) |
13. Кандидат және оның жұбайы (зайыбы) декларациялаған активтер мен міндеттемелер туралы мәліметтердің растығын тексеру |
|
|
Мемлекеттік кіріс органдары Кандидат тіркелген күннен бастап бес күн ішінде (113-5-б. 4-т.) |
14. Әкімдікке кандидаттарды тіркеу және оларға тиісті куәліктер беру |
|
|
Тиісті аудандық (қалалық) сайлау комиссиялары Барлық қажетті құжаттарды алғаннан кейін басталады және сайлау күнінен он күн бұрын жергілікті уақытпен сағат 18:00-де аяқталады 2023 жылдың 27 тамызда сағат 18:00-де аяқталады (113-5-б.) |
15. Әкімдікке кандидаттарды тіркеу туралы хабарды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау |
|
|
Тиісті аудандық (қалалық) сайлау комиссиялары Кандидаттар тіркелгеннен кейін бесінші күннен кешіктірмей (113-5-б. 9-т.) |
16. Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу және оларды жарақтандыру |
|
|
Жергiлiктi атқарушы органдар және тиісті аумақтық сайлау комиссиялары Үгіт басталғанға дейін (28-б. 6-т.) |
17. Сайлау алдындағы үгітті жүргізу |
|
|
Кандидаттарды тіркеу мерзімі аяқталған сәттен басталады және сайлау болатын күннің алдындағы күнгі жергілікті уақыт бойынша нөл сағатта аяқталады 2023 жылдың 27 тамызда сағат 18:00-ден басталып 2023 жылдың 16 қыркүйекте сағат 00:00-де аяқталады (27-б. 2-т.) |
18. Әкімдікке кандидаттарға сайлаушылармен кездесулері үшін үй-жайлар беру, кандидаттар мен олардың сенім білдірген адамдарының бөлінген үй-жайларда сайлаушылармен кездесу кестесін жасау және бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау |
|
|
Жергiлiктi атқарушы органдар және тиісті аумақтық сайлау комиссиялары Сайлау алдындағы үгітті жүргізу кезеңінде (28-б. 4-т.) |
19. Әрбір сайлау учаскесі бойынша әкім қол қойған сайлаушылардың тізімдерін сайлау комиссиясына акт бойынша ұсыну |
|
|
Тиісті әкімдер Дауыс беру басталардан жиырма күн бұрын 2023 жылдың 27 тамызына дейін (24-б. 5-т.) |
20. Сайлау учаскелері бойынша сайлаушылардың тізімдерін танысу үшін сайлаушыларға ұсыну |
|
|
Учаскелік сайлау комиссиялары Дауыс беретін күнге он бес күн қалғанда 2023 жылдың 02 қыркүйектен бастап (26-б. 1-т.) |
21. Сайлаушыларды дауыс беру күні, уақыты және орны туралы хабардар ету |
|
|
Учаскелік сайлау комиссиялары Дауыс беру өткізілетін күнге дейінгі он күннен кешіктірмей - 2023 жылдың 07 қыркүйекке дейін (18-б. 5) т., 38-б. 2-т.) |
22. Дауыс беруге арналған сайлау бюллетеньдерін учаскелік сайлау комиссияларына жеткізу |
|
|
Тиісті аудандық (қалалық) сайлау комиссиялары Сайлаудан ерте дегенде үш күн бұрын және кемінде бір күннен кешіктірмей – 2023 жылдың 14 қыркүйектен ерте емес және 2023 жылдың 16 қыркүйектен кешіктірмей (37-б. 3-т.) |
23. Дауыс беруге арналған сайлау учаскелерін ашу және тиісті хаттама жасау |
|
|
Учаскелік сайлау комиссиялары Дауыс берудің басталуына бір сағат қалғанда 2032 жылдың17 қыркүйек жергілікті уақыт бойынша сағат 06:00-де (40-б. 1-т.) |
24. Дауыс беруді өткізу |
|
|
Учаскелік сайлау комиссиялары Сайлау күні, жергілікті уақыт бойынша сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін (38-б. 1-т.) |
25. Дауыстарды санау және сайлау учаскесінде әкім сайлауы бойынша дауыс беру нәтижелері туралы хаттамалар жасау |
|
|
Учаскелік сайлау комиссиялары Жергілікті уақыт бойынша сағат 20:00-де басталады (18-б. 8) т., 43-б.) |
26. Дауыс беру нәтижелері туралы хаттаманың көшiрмесiн сайлау учаскесiнiң үй-жайында жалпы жұрттың танысуы үшiн арнайы белгiленген орынға ілу |
|
|
Учаскелік сайлау комиссиялары Хаттамаларға қол қойылғаннан кейін – дереу (43-б. 8-т.) |
27. Сайлау учаскелерінде дауыс беру нәтижелері туралы хаттамаларды тиісті аудандық (қалалық) аумақтық сайлау комиссияларына ұсыну |
|
|
Учаскелік сайлау комиссиялары Хаттамаға қол қойылғаннан кейін – дереу (113-8-б. 1-т.) |
28. Әкім сайлауының қорытындыларын белгілеу |
|
|
Тиісті аудандық (қалалық) сайлау комиссиялары Сайлаудан кейін үш күн мерзімнен кешіктірмей 2023 жылдың 20 қыркүйектен кешіктірмей (113-10-б. 1-т) |
29. Әкімдерді сайлау қорытындылары туралы хабарды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау |
|
|
Тиісті аудандық (қалалық) сайлау комиссиялары Сайлау өткізілген күннен бастап төрт күннен кешіктірмей 2023 жылғы 24 қыркүйектен кешіктірмей (44-б.) |
30. Сайланған әкімдерді тіркеу, тиісті куәліктер беру |
|
|
Тиісті аудандық (қалалық) сайлау комиссиялары Сайлау өткізілген күннен бастапжеті күн мерзімде
Сайланған әкімдерден жеті күн мерзім ішінде Конституцияға және Сайлау туралы Конституциялық заңға сәйкес әкім мәртебесімен сыйыспайтын міндеттерді доғаратыны туралы жазбаша өтініш алғаннан кейін 2023 жылғы 24 қыркүйектен кешіктірмей (45-б., 46-б. 3-т, 113-11-б. 1-т) |
Ескертпе: Күнтізбелік жоспардың мәтінінде «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының нормаларына сілтемелер берілді.