2024 жылдың қорытындысы бойынша Ақтоғай ауданының жергілікті атқарушы органдарының мемлекеттік қызмет көрсету сапасына талдамалық анықтама
2024 жылдың қорытындысы бойынша Ақтоғай ауданының жергілікті атқарушы органдарының мемлекеттік қызмет көрсету сапасының есебі бойынша Ақтоғай ауданының әкімдігіне бағынысты мемлекеттік қызмет көрсететін бөлімдердің Қазақстан Республикасының Үкімет Қаулысына және 2013 жылғы 15 сәуірдегі №88-V Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңына сәйкес 58 мемлекеттік қызмет түрін көрсетеді.
Ақтоғай ауданының жергілікті атқарушы органдары арқылы барлығы 1940 мемлекеттік қызмет түрі көрсетілген. Оның ішінде;
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын, электронды үкімет порталы «е-gov» арқылы қызмет алу үлесін арттыру бойынша 201 түсіндірме іс-шаралары өткізілді. Оған 297 тұрғын қамтылды.
Мемлекеттік қызмет көрсету, мүгедектермен қарым-қатынас дағдысын үйрету бойынша біліктілігін арттыру курсынан өткен қызметкерлер жоқ.
Бүгінгі күнге дейін бөлімдерде мемлекеттік қызмет көрсетуде заң бұзушылықтар және арыз-шағымдар орын алған жоқ. Бөлімнің мемлекеттік қызмет көрсетуде мерзімдерінің бұзылмауына шаралар қабылдап, күнделікті қатаң бақылануда.