«Қайнар» ЖШС

«Қайнар» ЖШС

«Қайнар» ЖШС Қарағанды облысындағы әуликөл  асыл тұқымды бұқаларды сатумен айналысатын ірі шаруашылықтардың бірі болып табылады. Ауылдың жеке секторының қоғамдық табынын асыл тұқымды түрлендіру үшін асыл тұқымды бұқаларды ЖШС-і тегін бөледі.

«Қайнар» ЖШС басшысы Сейітжапар Нығметов мал шаруашылығын дамытуға ерекше көңіл бөлуде. Шаруашылықта ІҚМ Әулиекөл асыл тұқымды мал басы осы жылдар ішінде 1800 басқа көбейді.

«Қайнар» ЖШС заманауи техникамен жабдықталған және ірі жем-шөп дайындаудың заманауи технологиясы қолданылады.

Сапалы және уақытылы себу және оруды қамтамасыз ететін барлық машина-трактор паркі жаңартылған.

Биылғы жылы шаруашылықта 26 330 га дәнді дақылдар, оның ішінде бидай 23 193 га, арпа 1 687 га, сұлы 1 450 га және 1 000 га бір жылдық шөптер себілді.

Өндіріс бөлімдеріне 30 жасқа дейінгі жоғары кәсіби қызметкерлерді тарту және бекітуге, олардың іскерлік тәжірибесін үдемелі дамытуға, ішкі кадр резервін алдын ала қалыптастыруға ерекше күш салады. Сондай-ақ, «Қайнар» ЖШС басшысы Сейітжапар Алшынбекұлының қызметтік бір бағыты әлеуметтік саланы үнемі қолдау және қайырымдылық көмек көрсету болып табылады.

Монша және бассейнмен қамтылған тұрмыстық цех салынды, 50 орындық «Балапан» шағын – орталығының күрделі жөндеуі аяқталды, Ауылдағы Мәдениет үйінің ғимараты жөнделіп, аудиоаппаратура сатып алынды. Жаңа наубайхана салынды.

«Қайнар» ЖШС бастауымен ауылда мешіт салынды. Тұрғындарға үй малына арналған азықпен ЖШС аудан бойынша қалыптасқан құнынан екі есе арзан бағамен қамтамасыз етеді

Ауылдық округтің тұрғындары үшін бақшаларды суару, қоқыс шығару, үшін техникалық су құбырын ұстау тегін жүргізіледі.

Шаруашылықпен ардагер, мұғалім, дәрігер, қарт азаматтар мен мүгедектерге үнемі демеушілік көмек көрсетіледі.

ЖШС базасында тәжірибе алмасу бойынша республикалық деңгейдегі агросовет тұрақты түрде өткізіліп тұрады.

Сейітжапар Алшымбекұлы тәжірибелі жетекші және ұйымдастырушы ретінде, мәселелерді шешуде жаңашыл көзқараспен ерекшеленеді. Білімін үнемі жетілдіру, алға қойылған міндеттерді тиімді шешу үшін өзінің менеджерлік әлеуетін белсенді пайдалану арқылы, өңірдің әлеуметтік – экономикалық дамуына өз үлесін қосуда..

Аудан тұрғындары мен еңбеккерлері арасында лайықты беделге және құрметке ие.

Басшы туралы қысқаша:

Нығметов Сейітжапар Алшынбекұлы 1982 жылы Целиноград ауыл шаруашылығы институтын бітіргеннен кейін еңбек жолын Целиноград облысы Мариновка АШҚО ағазоотехнигі болып бастады.

1983-1993 жылдары Нұра ауданының «Трудовик» совхозында бас зоотехник болып жұмыс істеп, 1994 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін «Қайнар» ЖШС директоры болып қызмет атқарады.