СУАРМАЛЫ ЕГІНШІЛІК

СУАРМАЛЫ ЕГІНШІЛІК

Қарағанды облысында жыл сайын суармалы жерлердің көлемі ұлғаюда. Бұл жағдайда мемлекет шығындардың жартысын өтеу арқылы, фермерлерді қолдайды. Инвестициялық жобалар бес ауданда жүзеге асырылады. Биыл өсім шамамен 4 мың гектарды құрайды.
Жүзден астам ауылшаруашылық кәсіпорындары егістіктерді суарумен айналысады. Суармалы алқаптарда негізінен дәнді дақылдар, картоп, көкөністер, майлы дақылдар және жемшөп дақылдары өсіріледі. Максим Велинский "Acker KZ" компаниясының басшысы. Ол әкесімен бірге жеті гектар картоп отырғызудан бастаған. Бұл пилоттық жоба болды деп айтуға болады. Бүгінде фермерде екі мың гектардан астам жер бар. Олардың төрт жүзге жуығы суармалы жерлер. Биыл олар су құбарларын қалпына келтіре бастады және австриялық суару машинасын сатып алды.
Максим ВЕЛИНСКИЙ "Acker KZ" ЖШС басшысы
"Жобаның құны-250 млн теңге. Біз оны екі кезеңге бөлдік. 2,5 км құбыр төселді. Суару машинасы маусым айында орнатылды, ол жылжымалы. Суармалы егістіктің бірінші жылы арпа егілді, біз нәтижеге риза болдық: өнімділік 30 ц/га дейін өсті. Келесі кезеңде біз тағы да құбырларды саламыз, көктемде екінші машинаны сатып алуды жоспарлап отырмыз.»
Бұл жерлердің жанында жөндеуді қажет ететін тағы бірнеше бөгеттер бар. Кезең-кезеңмен қалпына келтіру жоспарлары бар. Күрделі жөндеуден кейін егістікті суарудың қосымша көздері пайда болады. Абай ауданында Көксу ауылдық округінде "ДеМАСагро" суаруды да енгізді.
Владимир Гергелюк фермер
"Картоп пен арпаны ауыспалы егісте өсіреміз. Өткен жылы суару машинасын сатып алдық. Ол арқылы өте жақсы көрсеткіштерге қол жеткіздік. Ол гидравликада, жылжымалы типте. Біз тағы бір суару машинасын сатып алғымыз келеді.»
Абай ауданында биыл қырық мың гектардан астам дәнді дақылдар, алты мың гектардан астам картоп егілді. Мұнда көкөністер мен майлы дақылдар да өсіріледі. Облыста суармалы жерлерді қалпына келтіру бойынша жол картасы жасалды.
Болат ОМАРБАЕВ ауыл шаруашылығы басқармасының Өсімдік шаруашылығы және техникалық жарақтандыру бөлімінің басшысы.
"Бүгінде ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілері 30,2 мың га егістік алқапта суармалы егістік жүргізеді, ал әлеуеті әлдеқайда жоғары. Суармалы жерлер көлемі жыл сайын өсуде: 2022 жылы 3,8 мың га, биылғы жоспар – 3,9 мың га, 2024 жылға-4 мың га енгізілді."
Абай ауданының ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Батыржан Оразбековтың айтуынша, жұмыстар Құрма ауылдық округінде де жүріп жатыр, алдағы үш жылда суармалы жерлерді қалпына келтіру бойынша тағы да бірқатар инвестициялық жобалар жоспарланған.
Қарағанды облысында суармалы егіншілікке қолайлы 80 мың гектардан астам жер бар.