Егіс науқанына дайындық

Егіс науқанына дайындық

Қарағанды облысының кәсіпкерлер палатасының алаңында егіске дайындық қалай жүріп жатқаны талқыланды. Көктемгі егіс жұмыстарында фермерлерді дизель отынымен қамтамасыз ету мәселесі талқылау бұрышында тұрды. Кеңеске Экономикалық тергеу департаментінің басшылығы, өңір бойынша мұнай өнімдерін сату жөніндегі оператор, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің басшылығы, АӨК комитетінің өкілдері, Қарағанды облысының кәсіпкерлер палатасының басшылығы, фермерлер одағы және ауыл шаруашылығы басқармасының басшылығы қатысты.

Әсіресе, жиында өңірге ЖЖМ үздіксіз жеткізілуін қамтамасыз ету қажеттігіне тоқталды. 

Қарағанды облысының Ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Сырым Бошпанов өз кезегінде өңірде арзандатылған дизель отынын бөлу қарастырылғанын айтты. Егін егу үшін фермерлер “Кең дала”жеңілдікті несиелеу бағдарламасы бойынша мемлекеттік қолдау алды.

Сондай-ақ, кездесу барысында аграршылар дизель отынын мақсатсыз пайдаланатындарға – қайта сататындарға шараларды қатаңдату бойынша заңнамалық реформалар енгізу туралы ұсыныс берді. Егіс жұмыстарының үш айына дизель отынының құны тіркелуі, сондай-ақ зауыт тарапынан теміржол цистернасының толық жүктелуін жүзеге асыру туралы өтініштер де айтылды.