Қарағанды жылқы етінің Жапонияға экспорты

Қарағанды жылқы етінің Жапонияға экспорты

Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі мен Жапонияның ауыл, орман және балық шаруашылығы министрлігі арасындағы екі жақты белсенді ынтымақтастықтың нәтижесінде тағы тоғыз қазақстандық ет өңдеу кәсіпорны Жапонияға жылқы етін экспорттауға құқығы бар кәсіпорындар тізіліміне енгізілді.

Ауыл шаруашылығы министрлігінің деректері бойынша Жапонияға жылқы етін экспорттау құқығын алған қазақстандық кәсіпорындар арасында Қарағанды облысынанда шаруашылықтар бар: "EURASIA INVEST LTD" ЖШС (Осакаров ауданы), "ARAY KZ" ЖШС (Қарағанды қаласы).

Осылайша, бүгінгі таңда Қарағанды облысының кәсіпорындарын ескере отырып, 43 отандық ет өңдеу компаниясы өз өнімдерін Жапония аумағына экспорттай алады.