Облыс әкімі ауыл шаруашылығы қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтады

Облыс әкімі ауыл шаруашылығы қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтады

      Қарағанды облысының аграршылары құрғақ жазға қарамастан жақсы өнім алды. 940 мың тоннадан астам жоғары сапалы астық бастырылды. 278 мың тонна картоп және 55 мың тонна көкөніс жиналды. Мал өсірушілер де жетістіктерін көрсетуде – ет пен сүт өндірісі тұрақты өсуде. Өңір басшысы Жеңіс Қасымбек ауыл шаруашылығы қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтады. Кездесуге сала озаттары, әулет өкілдері шақырылды.

      Қарағанды облысының аграршылары құрғақ жазға қарамастан жақсы өнім алды. 940 мың тоннадан астам жоғары сапалы астық бастырылды. 278 мың тонна картоп және 55 мың тонна көкөніс жиналды. Мал өсірушілер де жетістіктерін көрсетуде – ет пен сүт өндірісі тұрақты өсуде.

      Өңір басшысы Жеңіс Қасымбек ауыл шаруашылығы қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтады. Кездесуге сала озаттары, әулет өкілдері шақырылды.

     – Биылғы 2021 жыл бәріміз үшін маңызды: біз республика тәуелсіздігінің мерейтойын атап өтеміз. Сіздер, ауыл шаруашылығы, азық-түлік және қайта өңдеу өнеркәсібі саласының қызметкерлері ел экономикасына үлкен үлес қосып отырсыздар, – деп атап өтті облыс әкімі. – Ауыл шаруашылығына инвестициялар белсенді салынуда, олардың өсуі негізгі капиталдың 130,3%-ды құрады. Жыл басынан бері 303 жұмыс орны құрылып, 11,1 млрд теңге сомасына 15 инвестициялық жоба іске асырылды. Ауылшаруашылық техникалары жақсы қарқынмен жаңартылуда. Бұл шаралардың барлығы біздің негізгі мақсатымыз - азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету және экспорттық әлеуетті арттыруға бағытталған.

Жеңіс Қасымбек аграршыларға әлеуметтік жауапкершілігі үшін алғыс айтты. Өсімдік өсірушілер егіннің бір бөлігін астықтың резервтік қорын, картоп пен көкөністердің тұрақтандыру қорын қалыптастыруға бағыттайды. Бұл бірлескен күш-жігермен бағаны ұстап тұруға мүмкіндік береді.

    Кездесуде саланы мемлекеттік қолдау туралы айтылды. Мәселен, биыл облыстық бюджеттен минералды тыңайтқыштарды субсидиялауға қосымша қаражат бөлінді. Жеңіс Қасымбек жаңа бастамалар туралы айтты – келесі жылдан бастап мемлекет суармалы егіншілік жобаларын қолдайтын болады.

      Осы жылы облыс әкімінің құрмет грамоталарымен жерге деген махаббат ата-аналарынан берілген жаңа буын өкілдері марапатталды. Олар – Прокоп, Толеуовтер, Ныгметовтар, Жабяк, Отарбаевтар, Каймаковтар отбасы әулеттері.

    Қазақстанда қарашаның үшінші жексенбісінде ауыл шаруашылығы қызметкерлері күні атап өтіледі