Қарағанды облысында азық дайындау барысы туралы

Қарағанды облысында азық дайындау барысы туралы

Қарағанды облысы бойынша 624 мың бас ірі қара, 1013 мың бас қой мен ешкі және 420 мыңнан астам жылқы малының қолайлы қыстауын қамтамасыз ету үшін мал азығын дайындау жұмыстары жүргізілуде.

Барлық мал басын қысқы кезеңде ұстауға шамамен 2,2 млн. тонна шөп және 480,0 мың тонна құрама жем қажет.

Ағымдағы жылдың 14 шілдесіне 453,6 мың тонна шөп немесе жоспарланған көлемнің 21,3% дайындалды, оның 153,4 мың тоннасы тасылып алынды.

Шөп шабу науқанына 29 612 бірлік техника, оның ішінде 8 242 бірлік трактор, 6 220 бірлік тіркеме, 1152 бірлік шөп жинаушы, 3 694 бірлік шөп шапқыш, 9 246 шалғы, 2 392 бірлік тырнауыш және 701 бірлік пресс-жинаушы қатысуда.

Шөп дайындау науқанын 1 қазанға дейін аяқтау жоспарлануда.

Бүгінгі күнге мал азығын дайындау бойынша жедел шара қолдану үшін құрылған өңірлік штабтар жеке қосалқы шаруашылықтар мен ауыл шаруашылығы құралымдарының шөп шабуын ұйымдастыру мақсатында  мемлекеттік Қордың жерлерін бөлу бойынша жұмыс жүргізуде. Бірінші кезекте, облыстың барлық ауыл шаруашылығы жануарларының 40% - дан астамы шоғырланған жеке қосалқы шаруашылықтарды азықпен қамтамасыз етуге баса назар аударылатын болады.

Аталған шаралар 2021-2022 жылдары шаруашылықтың барлық санаттарында ауыл шаруашылығы жануарларын азықпен қамтамасыз ету бойынша бекітілген іс-шаралар жоспарына сәйкес жүргізілуде.

Жоспар аясында әкімдіктерде шаруашылықтармен жеке қосалқы шаруашылықтарды шөппен қамтамасыз ету және шөп бағасының негізсіз өсуіне жол бермеу бойынша меморандумдар жасау бойынша жұмыстары жалғасуда. Бүгінгі күнге облыс бойынша шөптің орташа бағасы бір тонна үшін 18-ден 25 мың теңгеге дейін құрайды.

Сонымен қатар, облыс бойынша ауыл шаруашылығы жануарларын құрама жеммен қамтамасыз ету бойынша жұмыстар ұйымдастырылуда.

Жыл басынан облыста орналасқан 17 астық өңдеу кәсіпорындарымен 22,5 мың тонна кебек өндіріліп, оның 2,3 мың тоннасы экспортталған. Жыл соңына дейін барлығы 40 мың тоннадан астам өнім шығару көзделуде.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, шаруашылықтарды қолдау мақсатында ауыл шаруашылығы жануарларына арналған азық шығындарының құнын арзандатуға субсидия бөлу мәселесін қаралуда.