Осакаров ауданына жұмыс сапары

Осакаров ауданына жұмыс сапары

Ағымдағы жылдың 3 шілдесінде Қарағанды облысы әкімінің орынбасары С.К. Шайдаров жұмыс сапарымен Осакаров ауданында болды.

Сапар мақсаты: "Ауыл - Ел бесігі" жобаларының жүзеге асырылу барысын бақылау және ауыл шаруашылығы дақылдары егіс алқаптарының  жағдайын қарау.

Сапар барысында әкім орынбасары Лущак Павел Васильевич басқаратын "Найдоровское" ЖШС-да болып, 9,3 мың гектарды құрайтын дәнді дақылдар алқабын аралады. Шаруашылықта Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті ғалымдарының ғылыми сүйемелдеуімен дәнді дақылдарды өңдеу кезінде минералды тыңайтқыштарды қолдану бойынша тәжірибелер жүргізілуде.

Сонымен қатар, шаруашылық басқа да ауыл шаруашылығы дақылдарын, зығыр - 2,5 мың га алқапта, картоп - 0,3 мың га алқапта және жасымық  - 0,7 мың га алқапта өсірумен айналысады

Аралау барысында суармалы жерлердің көлемін ұлғайтуға мүмкіндік беретін су қоймасын жаңғырту жұмысымен танысты.

Кестеге сәйкес, келесі шаруашылық Николай Анатольевич Купавцов басқаратын «Воля» ШҚ –да болды. Шаруаашылық дәнді дақылдар, бидай - 3,8 мың алқапта, арпа - 1,4 мың га, сұлы - 0,1 мың га, жасымық - 0,1 мың және зығыр-0,5 мың га өсірумен айналысады.

Осакаров кентінде бір мезетте шамамен 50 вагон қабылдау мүмкіндігі қарастырылған темір жолымен (тұйықпен) қамтылған «Сарыбел Нан» ЖШС элеваторының құрылыс барысымен танысты. Элеватордың жобалық қуаты 25 мың тоннаға дейін дәнді және майлы дақылдарды сақтау мүмкіндігі бар. Құрылыс 2022 жылдың тамыз айында аяқталады деп күтілуде. Жобаның құны шамамен 1,4 млрд. теңгені құрайды. 50 жаңа жұмыс орны ашылады.

Садовое ауылында Эммерих Владимир Константинович басқаратын «Садовое-К» ЖШС қызметімен танысты. Өңірдегі ірі шаруашылықтардың бірі болып табылатын ЖШС жалпы көлемі 8,2 мың га (бидай-7,4 мың га, арпа-0,9 мың га) құрайтын дәнді дақылдар өсірумен айналысады.

Сонымен қоса, су қоймасын салу жоспарланған жермен танысты. Инвестициялық жобаны жүзеге асыру суармалы жерлердің алқабын 2,0 - 2,5 мың га дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді.