Шегіртке зиянкестерімен күрес

Шегіртке зиянкестерімен күрес

"Зиянды организмдерге қарсы күрес жөніндегі іс-шаралар" бюджеттік бағдарламасы шеңберінде Абай ауданында саяқ шегіртке зиянкестеріне қарсы күрес жөніндегі іс-шаралар өткізілді. Есенгелді ауылдық округінде 600 гектар жер өңделді.

Осыған ұқсас іс-шаралар облыстың басқа өңірлерінде де жүргізілетін болады. Атап айтқанда, Нұра ауданында 1,38 мың га алқапта, Бұқар Жырау ауданында 2,25 мың га және Қарқаралы ауданында 2,67 мың га алқапта өңдеу жұмыстарын жүргізу жоспарлануда.

Қарағанды облысында саяқ шегіртке зиянкестері санының өсуін тежеу бойынша жұмыс жыл сайын жүргізіледі. Облыстық бюджеттен қорғау іс-шараларын жүргізуге қаражат бөлінеді. Өңдеуді жергілікті жерлердің рельефі мен ерекшеліктерін жақсы игерген шағын авиация компаниялары жүзеге асырады. Шегіртке зиянкестерімен күресуге қажетті инсектицидті таңдау жұмысын мұқият жүргізеді. Саяқ шегірткелермен күресу үшін ұсынылған он тоғыз препараттың ішінен, Қарағанды облысының қуаңшылық ауа райына тиімдісі таңдап алынып қолданылды.