Жезқазған аймағының «Термос – жылы жай кешені»

Жезқазған аймағының «Термос – жылы жай кешені»

Ішкі нарықты азық – түлікпен молықтыру шеңберінде Сәтбаев қаласында 2020 жылдан бастап құны 220 млн.теңге және жобалық қуаты жылына 35 тонна көкөніс болатын "Термос – жылыжай кешені" - жылыжай шаруашылығын салу жобасы басталды. Бастамашысы ЖК Омаров Т.С. болып табылады.

Қыркүйекте жылыжайды іске қосудың 1 - кезеңі жүзеге асырылды: 250 шаршы метр алаңда қияр мен көк шөптерді  алғашқы отырғызу жүзеге асырылды.

Қазіргі уақытта көкөніс қоймасын салу және жылыжай шаруашылығын 500 шаршы метрге дейін кеңейту бойынша жұмыстар аяқталуда. Қияр, қызанақ және көк шөптерді өсіру жұмыстары белсенді жүргізілуде.

Жылыжайда жоғары сапалы органикалық тыңайтқыш (биохумус) алу мақсатында калифорниялық құрттарды органикалық субстратта өсіру экотехнологиялар қолданылады. Калифорния құрттары жоғары өңдеу белсенділігіне ие. Құрттарға органикалық қалдықтарды (ең алдымен көң) беру кезінде көңге қарағанда қоректік заттардың мөлшері жоғары (6-10 есе) биохумус (құрттар өңдейтін көң) алынады.

Калифорния құрттарының көң мен басқа да органикалық қалдықтарды толық ақуызға және қарашірік тыңайтқышына айналдыруы табиғи ортаны өзін - өзі реттеудің табиғи процесі деп саналады.

Осы жобаны іске асыру өңірді дамыту үшін маңызды әлеуметтік – экономикалық маңызға ие, халықты арзан көкөніс өнімдерімен үздіксіз қамтамасыз ету көкөністер бағасының өсуінің маусымдық ауытқуын төмендетуге және азық-түлік қауіпсіздігін арттыруға ықпал етеді