Ішкі нарықты азық-түлікпен молықтыру ерекше назарда

Ішкі нарықты азық-түлікпен молықтыру ерекше назарда

Облыс әкімі Ж. Қасымбек өңірлерге жұмыс сапары барысында, көктемгі дала науқанын өткізу жөнінде Абай ауданының басшылары және ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерімен талқылады

Биыл аудан бойынша ауыл шаруашылығы дақылдарының жаздық егістік көлемі 57,4 мың гектарды құрайды, бұл 2020 жылға қарағанда 1,7 мың гектарға артық. Картоп отырғызу алқабы 5440 га, көкөністер - 1000 га құрайды. Бұл өткен жылдың деңгейінен сәйкесінше 103 және 72 га артық.

Көктемгі егіс жұмыстарын жүргізу үшін 4,3 мың тонна дәнді дақылдар және 12,5 мың тонна картоп тұқымдары құйылды, бұл тұқымдық материалға толық қажеттілікті қамтамасыз етеді, деп хабарлады Абай ауданының әкімі Б.Асанов. Егіс науқанына 593-тен астам трактор, 9 егіс кешені және 140 сепкіш қатысуда. 2700 тонна арзандатылған дизель отыны бөлінді.

Сонымен қатар, мемлекеттік қолдау аясында сатып алынған тұқымдар үшін шаруашылықтарға 144,5 млн.теңге, ал минералды тыңайтқыштар үшін 177,5 млн. теңге субсидия төленді.

Бүгінгі күні аудан бойынша 21,3 мың гектарға дәнді дақылдар немесе жоспардың 56,8% егілді, картоп 2121 га (39,0%), көкөніс - 350 га (35,0%) отырғызылды.

Азық түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету - басты міндеттердің бірі. Біз көктемгі дала жұмыстарын оңтайлы мерзімде аяқтау үшін барлық жағдайды жасауымыз қажет. Қарқынды агротехнологияны пайдалану, мемлекеттік қолдау шараларын көрсету және ішкі нарықты азық - түлікпен толық қамтамасыз ету ерекше назарда-деп атап өтті облыс әкімі