11.05.2021 ж көктемгі дала жұмыстарының жүру барысы туралы

11.05.2021 ж көктемгі дала жұмыстарының жүру барысы туралы

Ауыл шаруашылғы тауарын өндірушілер ауыл шаруашылығы дақылдарын себуге кірісті.

А.ж. 11 мамырына 40,4 мың гектар немесе межелеген алқаптың 4,3 % дәнді дақыл себілді, оның ішінде 21,0 мың га (3,3 %) бидай, арпа – 18,4 мың га (6,7%), сұлы – 1,0 мың га (3,8 %), көп жылдық шөп – 3,8 мың га (8,8%), картоп 800 га (7,3%), көк өніс – 85 га алқапқа отырғызылды.

Абай ауданында 12,7 мың га (33,9%) дәнді дақыл себілді, 450 га (8,3%) картоп, 85 га көк өніс (8,5%) отырғызылды. Ақтогай - 0,2 мың га (20,0%) дәнді дақыл, Бұқар жырау – 14,6 мың га (9,9%) дәнді дақыл, 290 га (11,2%) картоп, Жаңаарқа – 3,0 мың га (30,0%), 10 га (35,7%) картоп, Қарқаралы – 3,1 мың га (6,9%), 5 га (20,8%) картоп, Нұра – 3,7 мың га (1,3%), 100 га (7,7%) картоп, Осакаров – 1,6 мың га (0,4%) және Шет ауданында – 1,5 мың га (7,0%) дәнді дақыл себілді.